Мәтінді оқып, түсінігін айтыңдар.

2-жаттығу

Мәтіндегі сан есімдерді теріп жазыңдар.

3-жаттығу

Берілген сандарға -ау,-еу қосымшасын жалғап жаз

1. Бір

2. Екі

3. Үш

4. Төрт

5. Бес

6. Алты

7. Жеті

4-жаттығу

Біреу, екеу, бесеу, алтау, жетеу жинақтық сан есімдерін қатыстырып сөйлем құраңдар.

5-жаттығу Венн диаграммасы Сан емсімдерді салыстыру

6-жаттығу

Мақал –мәтелдерді жаттап алыңыз

Бірінші байлық-денсаулық,

Екінші байлық-ақ жаулық,

Үшінші байлық-он саулық.

 

Аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп.

 

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел борлса, төбедегі кетеді.

 

Сабақтың тақырыбы: Бөлшектік сан есім.Француз саяхатшысы

Г. Мозердің қазақ жеріндегі саяхаты

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Бөлшектік сан есімдердің жасалу жолдарын меңгерту;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

 

Тәрбиелік:

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу

- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

 

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

 

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

 

Үйге тапсырма беру:

 

Француз саяхатшысы Г. Мозердің қазақ жеріндегі саяхаты мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Бөлшектік сан есімдерге мысалдар жазу.

 

Бөлшектік сан есім

Бөлшектік сан есімдер-таза математикалық ұғымға негізделген сөздер.

Бөлшектік сан есімнің құрамы

1. Сөздердің бірінші сыңары ілік септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғауда тұрады: үштің екісі, онның бірі.

2. Бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары тәуелдік жавлғауда тұрады:екіден бірі, оннан бесі.

3. Бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары атау септігінде тұрады: оннан төрт, мыңнан бір

4. Есептік сан есімдерге жарым, ширек, жарты сөздері тіркеседі: үш жарым, төрт ширек.