Сабақтың тақырыбы: Реттік сан есім.Бәріміз бір түрікпіз
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Тіл білімінің салаларын меңгерту;
- Реттік сан есімнің ерекшелігін, оның жұрнақтарын меңгерту;
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;
-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;
Тәрбиелік:
- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Бәріміз бір түрікпіз мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Реттік сан есімдерді қатыстыра отырып сөйлемдер жазып келу.
Реттік сан есім
Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп,нешінші? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге,егер олар дауысты дыбысқа бітсе,-ншы,-нші,ал дауыссызға аяқталса,-ыншы,-інші жұрнағы жалғану арқылы жасалады.Мысалы:бір-інші,тоғыз-ыншы,екі-нші, т.б.
Реттік сан есімдер кейде цифрмен беріледі.Ондайда сан есімдердің жазылуы төменгідей болады
1.Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе,-ыншы,-інші,-ншы,-нші жұрнағынын орнына дефис қойылады.Мысалы:Ол 6-қатардан орын алды. Біз 3-қабатта түрамыз.
2.Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе,жұрнақтың орнына дефис қойылмайды.Мысалы,шығарманың ІІ томы, т.б.
3.Жыл,ай аттарының алдынан келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де,одан кейін дефис қойылмайды.Мысалы:1961 жылы Ю.Гагарин ғарышқа ұшты. 1 қыркүйекте сабақ басталды, т.б.
Бәріміз бір түрікпіз
«Түрік» - деген сөз (тарихта 542 жылдан белгілі) «күшті», « айбынды», «ержүрек»- деген мағынаны білдіреді. 552 жылы Алтайда көк түріктер мемлекеті құрылды. 1500 жылдық ықылым заманнан бері талай халықтар тарих саласынан жоғалып кетсе де түрік туы жығылған жоқ.
IX ғасырларда Кіші Азияға барған арғы аталарымыз қаптаған қалың жаудың ортасында мыңдаған жылдар тұрып, өзінің тәуелсіздігін ғана сақтап қалған жоқ, түрік әлеміне үлгі болып, экономикасы қарқынды дамыған еуразиялық күшті мемлекет болды.
Түріктердің пірі – көкбөрі. Діні – көк тәңірісі. Аспандағы алтын күн, сондықтан да да түріктердің арғы аталары гүндерді – күн елі,икүн халқы деп атаған.
Әйгілі ақын Мағжан Жұмабаевтың « Түркістан» өлеңі бүкіл әлем түріктерінің гимні саналатын. Түркияны отарлаудан сақтап қалған XX ғасырдағы түрік әлемінің жарық жұлдызы Мұстафа Кемел Ататүрік. Қазір түрік әлемінде 7 тәуелсіз мемлекет. 160 млн. – түрік бар.
Олар : Түркия, Әзербайжан, Түркіменстан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Кипр түрік республикасы.
7 саны түріктер үшін ежелден қасиетті сан.
Ержүрек-храбрый
Түріктер-турки
Халық-народ
Аспан-небо
Ту-флаг
Мемлекет-государство
1-жаттығу
Мына есептік сан есімдерден реттік сан есім жасаңыздар:
1, 5, 7, 9, 11, 33, 40, 68, 12, 90, 109.
2-жаттығу
Мәтінді пайдалана отырып сөйлем құрастырыңдар.
1. «Түрік» - деген сөз ---------------------------------------------------------------
2. Түріктер мемлекеті -------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
3. Түркия--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
4. «Көкбөрі» ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
5. Гүндер --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
6. «Түркістан» өлеңін ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
7. Мұстафа Кемал Ататүрік --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
8. Түрік әлемінде ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
9. 7 саны --------------------------------------------------------------------------------
3-жаттығу