Есептік сан есімдерді сөзбен жаз.

14, 36, 54, 120, 2004, 1990, 617, 467, 2003, 1991, 19, 48, 79.

3-жаттығу

Бос орынға керекті санды қойыңыз

1. Менің________________балам бар: бір ұл,үш қыз

2. Менің еңбек өтілім________________жыл.оның ішінде төрт жыл мұғалім болдым және бес жылдан бері орынбасармын.

3. Мен қазір________________жастамын.келесі жылы отыз жасқа толамын.

4. Мен қырық жастамын, әйелім менен төрт жас кіші.Ол________________жаста.

5. Бір аптада________________күн бар.

4 -жаттығу

Бос орынға керекті әріпті қойып,сан жазыңыз

1. т__қс__н : тоқсан

2. ж__тп__с

3. а__п__с

4. қ__р__қ

5. ж__ыр__а

6. т__ғ__з

5-жаттығу. Есептік сан есімдерді қатыстырып сөзбен есеп құрастырыңдар.

Үлгі:Жаңа оқу жылында кітапханашы мектепке 3000 оқулық әкелді.Оның 600-і математиа, 351-і орыс тілі, 458-і қазақ тілі,280-і қазақ әдебиетінің оқулықтары. Қалған оқулықтар бастауыш сыныптікі.Сонда бастауышқа қанша кітап әкелінген?

6-жаттығу.

Мәтінді оқып, құрамындағы есептік сан есімдерді теріп жазыңдар.

Фашистер билеп-төстеген қаралы үш жылдың ішінде Белоруссия жерінде екі жүз тоғыз қала ,тоғыз мың екі жүз село құрып кетті.Екі миллион екі жүз мың адамды фашистер өртеп,атып,асып өлтірді.Мың тоғыз жүз қырық үшінші жылы наурыз айының жиырма екісі күні фашистер жиырма алты үйлі Хатынь селосын қоршвп алды.Селоның 152 адамын бір сарайға қамады.

Тест

1.Заттың нақтылы санын білдіретін сан есім:

А)Реттік сан есім Ә)Есептік сан есім

Б)Болжалдық сан есім В)Бөлшектік сан есім

2.Есептік сан есімдер қандай сұрақтарға жауап береді?

А)қанша?неше? Ә)нешінші?

Ә)нешеу,қаншау? Б)қандай?қай?

3.Бес,сегіз,жүз сандары қандай сұрақтаоға жауап береді:

А)Реттік сан есім Ә)Есептік сан есім

Б)Болжалдық сан есім В)Бөлшектік сан есім

4.Есептік сан есім қатысқан сөйлемді табыңыз:

А)Күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын төрт нәрсе бар

Ә)Құдасының ауылына Ұлжан отыз шақты кісімен келді.

Б)Арада жыл жарым өтті

В)Мен он бірінші сыныпта оқимын.

5.Есептік сан есімді табыңыз:

А)алтау,жетеу Ә)екі жарым

Б)сегіз В)оныншы