Қазақ мемлекеті (хандығы)

 

XV ғасырдың ортасында құрылған Қазақ хандығы – мал шаруашылығымен бірге егіншілікпен (оңтүстік аймақтар) шұғылданған алғашқы мемлекет еді.

Туыстығы жақын он шақты үй – бір ауыл, ал жеті атадан тараған бірнеше ауыл – бір ата, 13-15 атадан қосылған аталар бір ру болды.

Жалпы қазақ мемлекетін ұлы хан биледі. Жүздерді – кіші хандар, сұлтандар, тайпаларды – билер, руларды – ру басылары, аталарды – ақсақалдар, ауылдарды ауыл ағалары басқарды. Ұлы ханның қасында ірі сұлтандар, тайпа көсемдері, билер, батырлар, шешендер, жыраулар дау – шараларды шешіп, билік айтып отырды.

Ханның қасында төрелер, жасауылдар және қызыметшілер болды. Оларды « төлеңгіт» деп атады.

Хандық өкметті қорғайтын әскер болды. Қазақ мемлекетінің қарулы күштерінің басым көпшілігі халық жасақтарынан құралды. Әрбір ер азамат өздерінің батырларымен бірге майданға аттануға дайын тұрды.

 

 

Сұлтан-сұлтан

Сұлтандар-султаны

Батыр-герой

Азамат-гражданин

Әскер-армия

Ғасыр-век

1-жаттығу

Мәтінді оқып, ондағы сан есімдерді құрамына қарай талдаңыз.

Жетісу облысында – 1891 жылы 64 мектеп, медресе болып, оларда 1251 бала оқыған, 1895 жылы 74 мектеп, медресе және 9086 оқушы, 1897 жылы 88 мектеп, медресе, 12835 оқушы болған. Семей облысында – 1884 жылы он мектеп, медресе болып, бұларда 615 бала оқыған, 1888 жылы 12 мектеп, медресе, 761 оқушы, 1895 жылы 17 мектеп, медресе, 900 оқушы болған.

Торғай облысында – 1894 жылы 59 мектеп, медресе болып, оларда 457 бала оқыған, 1911 жылы 13 мектеп, медреседе, 340 оқушы болған(Б. Кенжебаев).

2-жаттығу