Сан есім.Дара және күрделі сан есім

Заттың санын,мөлшерін,ретін білдіріп, қанша?неше? нешеу? нешінші? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын сан есім дейді.

Мысалы:алты,жетеу,оныншыы,жетпіс, т.б.

Сан есімдер құрамына қарай дара сан есім және күрделі сан есім болып екіге бөлінеді.Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есім дара сан есім деп аталады.

Мысалы:он,үш, бес,мың,жүз,ондаған, сегізінші, жетеу, т.б.Екі я одан да көп түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім күрделі сан есім деп аталады.Мысалы: екі жүз, үштен екі, бес ондық, оннан бір, үш-төрт, т.б.

Қазақ елі-менің Отаным

“Отан-от басынан басталады'',-дейді қазақ.Отан дегеніміз –адамның туып‑ өскен жері, туған‑туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.

Қазақ халқының атамекені - көне замандардан қалыптасқан жер көлемінің батыс жағы Каспийге, шығысы мен терістігі Сібірге және Алтай тауларына, күнегейі Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан республикаларына шектеседі. Көлемі бес Францияға, он екі Бельгияға пара-пар елдің жерінде алуан түрлі өсімдіктер,жан-жануарлар бар.Менделеев ашқан химиялық элементтер кестесінде көрсетілгендердің бәрі қазақ даласынан табылады.

Осындай жері үшін күрес, байлық үшін күрес қазақ халқын ''мың өліп,мың тірілген'' күйге әкелді, бірақ ешкімге мойынсұнған жоқ, тәуелсіздігі үшін, азаттығы үшін ''ереуіл атқа ер салды''.

Қазақ халқы –патшалық Ресейдің отаршылдығына ең көп қарсыласқан,отарлық бұғауына бас имеген күрескер қауымдардың бірі. Осы наразылық қазақ тарихында көптеген батырлардың атын қалдырды: Сырым, Кенесары, Наурызбай, Қабанбай, Исатай, Амангелді т.б.

М.Дулатұлы, А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов сынды зиялылар патша ісіне наразы бола отырып, өз өмірлерін сарп етті.Зиялы қауымнан, ақыл-ойынан айырылған халықты ұлтсыздандыру оңай деп ойлады.Бірақ осы қасіретті бастан кеше отырып, ұлттық намысынан, абыройынан, жігер-күшінен айырылған жоқ.

1986 жыл оқиғасы - осының дәлелі.Бұл тәуелсіздікке деген ел сенімін үдетті.

Сонымен 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Тәуелсіз Республика болып жарияланды.1991жылы 1желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы - Президентін сайлау болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды

1992 жылы Қазақстан республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясы Республиканың Елтаңбасын, Мемлекеттік Туын және Әнұранын бекітті.1995 жылы тамыздың 30-ында Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.

Дербес,тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт! Елдіің өз құқы өз қолында.Дүние жүзінің жүзден астам елмен жан –жақты қарым-қатынас жасап отыр. Көптеген мемлекеттерде Қазақстанның елшілігі бар. Қазақстан дүниежүзілік, халықаралық ұйымдарға мүше болды. Соның ішіндегі ең беделдісі Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.

 

отан-родина

ата заңы-конституция

елшілік-посольство

Елбасы-президент

әутелсіздік-независимость

БҰҰ-ООН

1-жаттығу

Сандарды сөзбен жазыңыз

1. 19

2. 91

3. 102

4. 2222

5. 3456

2-жаттығу

Сан есімдерді қатыстырып,өздерің осындай жаңылтпаш құрастырып көріңдер.

Бес түп алма

«Бестік» алғандікі

Төрт түп алма

«Төрттік» алғандікі

«Төрттік » алған

Бес түп алма алмайды

«Бестік» алған

Төрт түп алма алмайды.

3-жаттығу.

Берілген тірек сөздерді қатыстырып, сан есімдері бар сөйлемдерден тұратын мәтін құраңдар.

Атам мен әжем.Жеке меншік мал. Бақташы.Ұжым малы.Кезектесіп бағу.Малдың күтімі.Ауыл өмірі.Еңбек адамдары.Көңілді сәттер.Балалардың бірлігі.

4-жаттығу