Мәтінді оқып, түсінігін айтыңыз.
2 -жаттығу
Төмендегі сын есімдерден асырмалы шырай түрін жасап, сөйлем құраңдар. Ауыр, аласа, қызыл, ақ, жіңішке, кішкене, ұзын.
3-жаттығу
Бос орынға керекті сөзді қойып,асырмалы шырай жаса
Өте,ең,аса,тым
1. ________________қымбат
2. ________________арзан
3. ________________қиын
4. ________________қатты
4-жаттығу
Жоғарыдағы сын есімдерді пайдаланып,сөйлем құраңыз
5-жаттығу
Сөздердің орнын ауыстырып жаз
Үлгі : ең биік тау / таудың ең биігі
1. Ең ұзын өзен
2. Ең қымбат қалам
3. Ең жаңа үй
6-жаттығу
Өте, ең, аса, тым сөздерін қатыстырып сөйлем құраңдар.
Тест
1.«Өте ауыр,тым қатты» сөздері қай шырай түрінде қолданып тұр?
А)Жай шырай Ә)Асырмалы шырай
Б)Күшейтелі шырай В)Салыстырмалы шырай
2.Белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не аса кем екенін білдіретін шырайдың түрі:
А)Жай шырай Ә) Күшейтелі шырай
Б) Асырмалы шырай В)Салыстырмалы шырай
3.Сын есімнің асырмалы шырай түрін көрсетіңіз:
А)кішірек Ә)сарғылт Б)ызалы В)өе ауыр
4. Асырмалы шырайда тұрған сөзді көрсетіңіз
А) мектепке ерте келдік Ә) Құнанбай елге ерте қайтты
Б) Бұл жерге кілең ақылдылар жиналыпты В) көре-көре көсем боласың
5. Сын есімнің асырмалы шырай түрін көрсетіңіз
А) Сыртта ең әдемі көрініс
Ә) Кішкене кезімде шана тепкенді ұнататынмын.
Б) Бұл орамал, ана орамалға қарағанда сарырақ.
В) Бозғылт түсті мен ұнатпаймын.
Сабақтың тақырыбы: Сан есім. Дара және күрделі сан есім.
Қазақ елі- менің Отаным
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Тіл білімінің салаларын меңгерту;
- Сан есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылықтарын меңгерту;
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;
-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Қазақ елі менің-Отаным мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Дара және күрделі сан есімдерді қатыстыра отырып он сөйлем.