Берілген күшейтпелі шырайды қатыстырып, сөз тіркесін құрап жазыңдар.
Өте ауыр, ең тамаша, тым әлсіз, тіпті қысқа, сап-сары, қап-қатты, орасан зор, ап-аласа, әп-әдемі, кіп-кішкентай.
Тест
1.«Көкпеңбек,аппақ» сөздері қай шырай түрінде қолданып тұр?
А)Жай шырай Ә)Асырмалы шырай
Б)Күшейтелі шырай В)Салыстырмалы шырай
2.Белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі:
А)Жай шырай Ә) Күшейтелі шырай
Б) Асырмалы шырай В)Салыстырмалы шырай
3.Сын есімнің күшейтпелі шырай түрін көрсетіңіз:
А)кішірек Ә)сарғылт Б)ызалы В)қып-қызыл
4. Күшейтпелі шырайда тұрған сөзді көрсетіңіз
А) мектепке ерте келдік Ә) Құнанбай елге ерте қайтты
Б) қап-қара қарға қонды В) көре-көре көсем боласың
5. Сын есімнің күшейтпелі шырай түрін көрсетіңіз
А) Далада сап-сары жапырақтар жатыр.
В) Кішкене кезімде шана тепкенді ұнататынмын.
С) Бұл орамал, ана орамалға қарағанда сарырақ.
D) Бозғылт түсті мен ұнатпаймын.
Е) Күзгі ызғар әлі тұр.
Сабақтың тақырыбы: Асырмалы шырай. Елді аздырған есірткі
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Тіл білімінің салаларын меңгерту;
- Асырмалы шырайдың өзіне тән ерекшелігін меңгерту;
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;
-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Жеті атасын білмеген- жетімдіктің белгісі мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Дара және күрделі сөздерді қатыстыра отырып он сөйлем.
Асырмалы шырай.
Асырмалы шырай-белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен аса артық не аса кем екенін білдіретін шырайдың түрі.Сын есімнің алдынан күшейкіш үстеулердің(тым,өте,ең,нағыз,орасан,аса,нақ, т.б.)Мысалы:өте жарық,тым ауыр,ең әдемі, т.б.
Елді аздырған есірткі
Нашақорлық -бүгінде қоғамдық әлеуметтік дертке айналып, өрттей лаулап, әл бермей жатыр.
Әрине,осы бір азғындық жолға ешкімде әдейлеп түспейтін шығар.’’Дәмін бір рет қана көрейінші,сосын жоламаймын ’’деген әуестіктің құлы болады.Сөйтіп, көпшілігі сол құлдықтың шырмауынан көзі жұмылғанша шыға алмайды.Мұндай азғындаудан бір ел емес, екі ел емес, бүкіл дүниежүзінде қанша ел болса, сонша елдің бастары қасірет көріп отыр.
БҰҰ-ның деректері бойынша 2000 жылы дүние жүзінде марихуананы 142 млн. адам, амфетамин мен синтетикалық есірткіні 30,5 млн.адам, кокаинды 13,4 млн. адам, героин мен опиаттарды 8млн. адам қолданған екен.
Еліміздің аймақтық бөлінуімен салыстырар болсақ , оңтүстік өңірлер мен Алматыға -27,20,орталық Қазақстанға -19,6 солтүстікке - 27,4 шығысқа -14,4 келеді екен. Қазіргі деректерге көз салсақ, Қазақстанда 47 мыңға тарта нашақор бар екен. Шамамен олардың 5 мыңы әйелдер, 2 мыңы кәмелетке толмағандар.Олардың ішінде 14 жасқа дейінгілері 320.
Инеге тәуелді нашақорлар арасында қауіпті жұқпалы СПИД дертін жұқтыруы әбден мүмкін екенін, әрі жер жүзінде осы дерттің кесірінен бүгінгі күнге дейін 25млн. адамның ''о дүниелік'' болғанын ескерсек, мұның ғасыр індеті екенін аңғарамыз. Ал,40млн. адам жұқпалы ВИЧ инфециясын жұқтырған, солардың 60-70 есірткі пайдаланатындар екені белгілі болып отыр.Олардың 17,6 млн-ы әйелдер болса, балалардың саны 2,2 млн-ды құрайды.
Тек 2004 жылы ғана жер жүзінде 510 мың бала осы індетпен тіркеуге алынған. Қазақстанда осы ауруға шалдыққандардың 4500-ден астамы дәрігердің бақылауында тұр.
Ғалымдардың деректері бойынша, жыл сайын дүние жүзінде есірткінің кесірінен 50 миллион адам көз жұмады.Кейбір мәліметтерде әрбір тіркеуде тұрған нашақордың айналасында 5-10 адам бар көрінеді.
нашақорлық-наркомания
есірткі -наркотики
нашақорлар-наркоманы
жұқпалы аурулар-инфекционные болезни
ғасыр індеті-эпидемия века
тіркеу-регистрация
1-жаттығу