Күшейтпелі шырай.

Күшейтпелі шырай-белгілі бір сындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі.

Негізгі сын есімдердің алдынан күшейткіш буынның қосарлануы арқылы жасалады.Мысалы:сап-сары,жап-жарық,үп-үлкен, т.б.

Ескерту:Ақ,көк сөздерінің күшейтпелі шырай түрі төменгідей болады:аппақ,көкпеңбек.

1.Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдердің алдына күшейткіш буындардың үстелуі арқылы жасалады.Мысалы:биік-біп-биік,ұзын-ұп-ұзын, т.б.

2.Күшейтпелі шырай сапалық негізгі сын есімдерге өте,тым,аса,ең,нағыз,нақ,тіпті,шымқай,орасан,ыңғай,кілең сияқты күшейткіш үстеулердің тіркесі арқылы жасалады.Мысалы:өте күшті,аса терең, т.б.

Тәнді қоздырар темекі

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне зер салсақ, Жер шарында темекі шегетін 1,2миллиард адам бар екен.Жыл сайын соның зардабынан 5миллион адам кайтыс болады. Осы салиқалы ұйымның деректеріне сүйенер болсақ, жер бетінде темекі шегуден күніне 13 мың адам көз жұмады.Бұл әрбір 6 секунд сайын бір адам о дүниелік болады деген сөз. Әлемде темекінің зияндылығы туралы 50 мыңнан астам басылым жарық көреді.Демек, осы әңгімеге қосылмаған ел жоқ.

Темекі құмарлардың көбеюі кесірінен тыныс жолдары ауруларының да саны өсіп барады.Оның 27-ы еркектер мен 46-ы балалар екенін ескерсек , жуық жылдары тыныс аурулары жаппай белең алу қаупі бар.Қатерлі өкпе рагының 90-ы, жүрек миокард инфаргының 30 –ы темекіден болатыны дәлелденген.

Тағы да бір айта кетуіміз керек ,денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтіндердің 34 –і темекі тартады,ал АҚШ-та олардың саны бар болғаны 3 ғана..

Темекі тартатын адам отбасылық қаражаттың 15-ын және жұмыс уақытының 40 күнін сол “ түтін жұту қызметіне” жұмсайды екен. Республика көлемінде шамамен 73 млрд. теңге темекі сатып алуға кетеді.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы сарапшыларының деректеріне сүйенсек, жастайынан темекі тартқан әрбір екі адамның бірі сол темекіден өледі екен.Ал,екіншісінің өмірі жүрек­­­ қан тамырлары ауруынан 20-25 жылға қысқарады.Темекі түтінінің құрамындағы улы заттың бірі-никотин қышқылы.Салмағы 20 келі итке 1тамшы,жылқыға 7-8 тамшы никотин берсе,1минуттың ішінде сеспей қататынын ғалымдар дәлелдеп отыр.

Темекі шегу-тұрмыс құрған болашақ аналарға өте зиян.Олардың шеккен әрбір темекісі нәрестенің денесіне сіңетін улы заттардың мөлшерін 10-ға көбейтіп,жатырдағы нәресте ағзасына қажетті керекті оттегінің мөлшерін10-ға кемітеді екен.Ол,әсіресе,әлі дамып жетілмеген нәрестенің бауырына кері әсер етіп, бауыр клеткалаларының улы заттардың залалсыздандыру қабілетін бұзады.

Темекіден алғаш боп бас тартқан ел-Бутан корольдігі,ол Қытай мен Үндістан арасындағы Гималай тауының беткейінде орналасқан ел. Бұл елдегі темекіге қарсы күрес 1729 жылдан бері жүріп келеді,әрі елдің 20 облысының 18-інде қоғамдық орындарда темекі шегуге тиым салған.Қытай халық республикасында 1993 жылдан бері темекі фабрикасының саны 185-тен 85-ке дейін қысқарған . Ал, қазір Үкімет басшылары темекі шығаратын бірлескен кәсіпорындарды ашу жұмыстарын тоқтата тұруға шешім қабылдапты дегенді естиміз.

2002 жылы біздің елімізде “ темекі шегуді алдын алу”туралы арнайы заң қабылданып, 2003жылы осы заңға шылымның адам ағзасына тигізетін зияны, оның құрамындағы никотиннің мөлшері туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпараттар беру жөнінде осы заңға өзгертулер де енгізілді.Қазіргі Қазақстанда 10-нан астам темекі өндіретін компания жұмыс істейді.Олар 9 мың тоннадай темекі өнімдерін шығарады екен.

 

 

денсаулық сақтау-здравохранение

улы зат-ядвитое вещество

темекі-табак (сигарет)

қауіпті-опасно

ересек-взрослый

1-жаттығу