Салыстырмалы шырай мен күшейтпелі шырай.
Тест
1.Салыстырмалы шырай қатысқан сөзді табыңыз:
А)Әуе тұп-тұнық, жібектей жұмсақ.
Ә)Көкшенің көк арқасы көкшіл гауһар тас сияқтанып тұр.
Б)Жуас торы ат үріккен жоқ.
В)Ақкөңіл, өте қарапайым адамдар екен.
2.Салыстырмалы шырай қатысқан тіркесті табыңыз:
А)ызалы жүрек Ә)жылы шырайлы жан
Б)өте ұяң В)шүңіректеу көзді
3.Сын есімнің салыстырмалы шырай түрінен жасалған анықтауышты табыңыз:
А)Сәл кішілеу қара көзі тесіле қарады.
Ә)Ормандағы шиенің піскен кезі еді.
Б)Қандай ақылды әрі сүйкімді бала.
В)Ол - қызметіне шексіз адал жан
4. Салыстырмалы шырайдың жұрнақтары
А)-қы,-лы,-сыз,-лық,-қор
Ә)-малы,-ек,-ақ,-ма
Б)-рақ,-лау,-қылт,-шыл
В)-у,-ған,-атын,-с,-ғалы
5.Ауырырақ, үлкендеу сөздері қай шырайға жатады?
А)Жай шырай Ә) Салыстырмалы шырай
Б)Күшейтпелі шырай В) Асырмалы шырай
Сабақтың тақырыбы: Күшейтпелі шырай. Тәнді қоздырар темекі
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Тіл білімінің салаларын меңгерту;
- Күшейтпелі шырайдың өзіне тән ерекшеліктерін меңгерту;
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;
-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Тәнді қоздырар темекі мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Күшейтпелі шырайды қолдана отырып сөйлем құрастыру.