Сын есімнің шырайлары.Салыстырмалы шырай
Сын есімнің өзіне тән шырай категориясы бар. Олар төрт түрлі болады:
1. Жай шырай (Положительная степень). Заттың сапа белгісін білдіріп, басқа затпен салыстырмайды. Мыс: биік тау, үлкен қала, жаңа қағаз.
2. Күшейтпелі шырай.(превосходная степень) Заттардың бастапқы жай белгісін күшейте түсетін түрі.
Мыс : қап- қара, қып-қызыл, ұп-ұзын.
3. Асырмалы шырай. (усилительно – увиличительная степень) Заттардың бойындағы сапа белгісін асыра немесе төмендете көрсету.
Мыс: өте қара , тым үлкен, ең жақсы
4. Салыстырмалы шырай (Сравнительная степень). Заттардың бойындағы сапа – белгісінің артық, я кем екендігін салыстыра көрсетеді.
Салыстырмалы шырайдың жұрнақтары.
а) – рақ, - рек, -ырақ, - ірек.
Мыс : бойшаңырақ , күштірек, тазарақ..
ә) – лау, -леу, - дау, - деу, - тау, - теу.
Мыс: кішілеу, сарылау, күреңдеу, ақшылдау, көктеу, таныстау.
б) – ғыл, - ғылтым, - ғылт, - ғыш, - шыл, - шіл, - шілтім, - шылтым, - шілтім.
-ақ, - қай.
Мысалы : бозғыл, бозғылт, сарғылтым,сарғыш, т.б.
Туризм
Туризм адамдарды табиғат көркімен, ерекше сұлу жерлерімен таныстырады. Ұлы саяхатшы Н.М.Прежевальский ''Өмір сүрудің тамашалығы сол, әрқашанда саяхат жасауға болады”, -деп айтып өткен. Туризімді елдің төлем балансындағы пайдалы салаға айналдыру маңызы зор. Қазіргі заманғы туризм өндірісі –әлемдік экономикадағы ғарыштап, дамып келе жатқан сала. Дүние жүзіндегі елдердің 83-де туризм экспорты аса пайдалы қаржы көзіне айналса , 38 мемлекет экономиканың басқа түріне қарағанда осы саладан валюта түсіруде алда келеді. Халықаралық туризм өткен жылдағы табыс әкелуде мұнай өнімдерін экспорттау мен автомобиль өндірісінен кейінгі үшінші орында.
Елімізде 2000 жылдың 22 тамызында Үкімет мәжілісінде Қазақстандағы туризмді дамыту шаралары туралы мәселе тұңғыш рет қаралды.
ҚР-1999 жылдың 10 желтоқсанында “Лицензиялау туралы’’заңы аясында еліміздегі 638 ұйымға туристік қызметпен айналысу құқығы берілген. Лицензия берілген туристік компаниялар елімізге туристерді тартумен емес, сыртқы туристік сапалар ұйымдастырумен айналысуда.
Еліміздің туристік аймақтары-Алматы, Көкшетау, Қапшағай, Маңғыстау өңірлері. Олар туризмнің нағыз орталықтары.Көбінесе туристік кәсіпорындар Алматыда орналасқан.Себебі транизиттік жерлер Алматыдағы фирмалар арқылы өтеді. Шетелден келетін туристердің басым бөлігі Алматы қаласына ат басын тірейтіндіктері біздің қаламызға ғана емес, туризм бизнесінің Қазақстан бойынша дамуына жол ашпақ. Алматы-тоғыз жолдың торабы, табиғаты жайлы, еліміздің ғылыми және ағарту орталығы ретінде көз тартады.
Соңғы жылдары қала аумағында әлемдік дәрежеге сәйкес келетін жоғары сапалы қызметтер көрсете алатын әсем де сәнді қонақ үйлер мен мейрамханалар бой көтеруде. Мысалы,'' Рахат Палас’’,''Анкара”,’’Астана ’’ т.б.қонақ үйлерінің тек қала ішінде ғана емес, оның сыртындағы әлемдегі маңызы бар ‘’Медеу ‘’мұз айдыны,’’Шымбұлақ’’ демалыс орны “Алатау” туристік базалары әсем табиғат аясында тұрып сұлулығымен көз тартады.
Дүние жүзі бойынша туризм пайда түсіретін саланың ішінде үшінші орында болғандықтан,Ұлы Жібек Жолын жаңғырту мәселесі Үкіметте талқылануда.
Ұлы Жібек Жолы әлемнің даму цивилизациясы тарихында алатын орны жоғары бағаланып, Президент 1998 жылы 27 ақпанда өзінің жарлығымен ‘Жібек Жолы-Қазақстан’’Ұлттық компаниясын құрған. ‘’ Жібек Жолы -Қазақстан‘’ компаниясын қаржыландыру басқаларға қарағанда көш ілгері. Ұлы Жібек Жолында тарихи этнографиялық туризмді дамытуға бетбұрыс жасалуда. Шығыс пен Батыс елдерінің мәдени достық сауда қарым-қатынасы негізінде Қазақстанның бұл саладағы экономикалық беделі жоғары.
табиғат- природа
мейрамхана- ресторан
саяхат- путешествие
мұз айдыны- каток
құқық-права
мұнай-нефт
1-жаттығу
Төмендегі сын есімдерді мағынасына, тұлғасына қарай анықтап, бұларға шырай жұрнақтарын қосып, салыстырмалы және күшейтпелі шырай жаса.
Кең, көк, қатты, кіші, қолайлы, әлді, жуас, мықты, әдепті, ащы, жұқа, қоңыр, еріншек, үркек, жемқор, таза, тұнық, терең, жүйрік, көркем, салқын, жершіл.
2-жаттығу