Дара сын есім. Күрделі сын есім.
Сын есім құрамына қарай дара сын есім және күрделі сын есім болып бөлінеді.
Бір ғана түбірден тұратын тұратын сын есімдер дара сын есімдер деп аталады. Мысалы: қара, таза,сары, жақсы, т.б.
Сын есімдер,сондай-ақ қосарлану және тіркесу арқылы да жасалады. Мысалы:қызыл-жасыл,апалы-сіңілі,биік-биік,жақсы-жаман,қара көк, т.б. Бұлар құрамына қарай күрделі сын есімдер деп аталады.
Арал, оралсаңшы қайтадан
Аралдың мұңы-қазақтың мұңына айналғалы қашан?! 1995 жылдарға таман Арал теңізі су көлемінің төрттен үш бөлігінен айырылды.Теңіз бес еседен астам кішірейіп кетті, теңіз деңгейі 19 метрге төмендеді. 30 жыл ішінде Аралдың радиусы 150 шақырымға дейін кейін шегінді, нәтижесінде теңіз айналасындағы 30 000 шаршы шақырым жер қылтанақсыз шөл далаға айналды. Осының салдарынан халықтың денсаулығы күрт төмендеді, тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің түрлі кеселдері пайда болып, жұқпалы аурулар күш алды. Бауыр аурулары мен тырысқақ- бұрын-соңды болмаған дәрежеде тарады. Бүгінгі күні кіші Аралда 12 текше шақырым су бар.Ауыл шаруашылық министрлігі су ресурстары комитетінің мәлімдеуінше, Арал теңізіне құятын Сырдария өзенінің төменгі сағасындағы су желілерін қалпына келтіру жобасы жүзеге асуда. Биыл жазда Әйтеке су желісін қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, одан әрі Қазалы мен Қызылорда су желілерін жетілдіру жұмыстары басталды. Осы желілер іске қосылғаннан кейін Сырдария бойымен теңіздің солтүстік бөлігіне жыл сайын ең аз дегенде 5 текше шақырым су келіп құйылатын болады. Енді екі-үш жылда Кіші Аралдағы судың деңгейі Аралда кеме шаруашылығын қалпына келтіруге болатындай су жиналмақшы екен. Кіші Аралға су толтыру бағдарламасын Дүниежүзілік Банк, Азия Даму Банкі, БҰҰ даму бағдарламасы, ТАСИС ұйымы, ЮНЕСКО және әртүрлі елдердің үкіметтері қаржыландырып отыр. Ал кезінде Арал теңізі ішкі су қорының көлемі жөнінен әлем бойынша төртінші орында болатын.
теңіз-море
өзен-река
су-вода
қаржыландыру-финансировать
дүниежүзілік-всемирный
бағдарлама-программа
1-жаттығу