Берілген зат есімдерге керекті қосымшаны жалғап, туынды сын есім жасаңыз

-ды,-ді,-ты,-ті,-лы,-лі

1. Бала/кім балалы / қандай

2. Талант/не ______________/________________

3. Білім/не ______________/________________

4. Ақыл/не______________/________________

5. Құрмет/не ______________/________________

6. Атақ/не _____________/________________

7. Жаңбыр/не _____________/________________

8. Тәрбие/не _____________/________________

4-жаттығу.

Сапалық сын есімдерді бір бөлек,қатыстық сын есімді бір бөлек,екі баған етіп жазыңдар.

Ақшыл, аттылы, сазды, жасыл, тәтті, балалы, үлкен, қымбат,жаман, жігерлі, отты, егінді, иманды, еріншек, айтқыш, көнгіш, білгір, шексіз, жазғы, күзгі, былтырғы, жан-жақты,қызылды-жасылды, алғыр, мінезді, өнерлі, жүгіргіш, басыңқы, ұзын, жарық, кең, қысқа.

5-жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.Құрамындағы сын есімдерді қатыстырып сөйлем құраңдар.

Жайлау

Жайлау қандай тамаша!

Көзді тартар қараса.

Қызыл-жасыл төңірек-

Бейне жайған алаша.

6-жаттығу

Жұмбақтарды оқып шығыңдар.Қатыстық сын есімдерді тауып, олардың астын сызыңдар және сұрақ қойыңдар.

Әрі шешен, әрі әнші ,ірі күйші,

Әр үйде бар,тапқышым қане білші.

(......)

Темір қайшы-қос қайшы,

Шығыршықсыз бос қайшы.

Еңбеккерге дос қайшы,

Еріншекке қас қайшы.

(...... ..... ......)

7-жаттығу

Тірек сөздерді пайдаланып,өздеріңе таныс бір адамға мінездеме жазыңдар.

Бұйығы, ақылды, жігерлі, иманды ,алғыр, мінезді, білгір, байқағыш, ашыңқы, көңілді, қайырымды.

 

Тест

1.Сапалық сын есімнен жасалған баяндауышты табыңыз.

А)Өнерлі бала сүйкімді Ә)Көп сөз-күміс Б)Отан оттан да ыстық В)Ел жасымен көрікті

2.Қатыстық сын есімді табыңыз

А)өнегелі Ә)ақ сары

Б)ымырт В)заңғар

3.Сапалық сын есімді табыңыз.

А)қайырымды Ә)ыстық

Б)ашушаң В)білгіш

4.Сын есім мағынасына қарай қалай жіктеледі?

А)дара және күрделі Ә)негізгі және туынды

Б)сапалық және қатыстық В)негізгі және сапалық

5.Бойшаң,өнерлі,аспалы сөздері қандай сын еім?

А)күрделі Ә)туынды

Б)қатыстық В)сапалық