Сапалық сын есім. Қатыстық сын есім.

Мағынасына қарай сын есім сапалық сын есім және қатыстық сын есім болып екіге бөлінеді.

1.Негізгі түбір сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, түр-түсін тікелей анықтайтын болса, ол сапалық сын есім болғаны. Мысалы: көк (шөп, қызыл (бояу), жақсы, ащы (су), көкшіл (мата), қызғылт (орамал), жақсырақ (орын), ащылау(қымыз жап-жасыл(орман), тұп-тұщы (өзен).

2. Сын есім басқа сөз табынан да жасала береді. Зат есім, есімдік, етістік, үстеуге сын есім тудыратын жұрнақтар жалғанып, туынды сын есім жасалады. Оны қатыстық сын есім дейді.

Мысалы: өнерлі жігіт, мектептегі жолдас, жауынды жаз, қысқы спорт.

Экология және біз

Планетамыздың атмосферасын тазалықта сақтау – біздің алдымызға қойған мақсатымыздың бірі. Ауаны көбіне ластайтын машина түтіні, жылу электр станциялары, химиялық заводтар және т.б.

Егерде біздің Атырау облысын алатын болсақ, біздің жағдайымызда атмосфераны ластайтын әсіресе Н2S – күкірт сутек болып табылады. Себебі Атырау мұнайының құрамы күкірт сутекке байланысты. Ал күкірт сутек өте улы адам өміріне қауіпті газ. Мысалы: 1998-1999 жылдары аралығында 11 теңіз қызметкерлері қайтыс болды, 2000 жылы 5 адам, оның бірі американдық, бәрі де ұйқыдан оянбаған. Бұған Теңіз ауасында, әсіресе түнге қарай күкірт сутек консентрациясының көбеюі себеп болып отыр. Сонымен қатар соңғы жеті жылда Теңізде 69 адам қайтыс болды. Диагноз қан ауруы, ісік және жүрек аурулары. Ал осы уақыттың ішінде Теңіз қаласындағы Сарықамыс елді мекендерінде 2000 тұрғынның 189-ы өмірден өтті. Теңізшевройл экологтары бұған “Теңіз кінәлі емес” дейді. Сонда кім кінәлі? Ал 2000 жылы Теңіз өндірісі ауаға 50 тонна күкірт бөлді, бұл аз емес. Міне, бұл Атырау облысындағы бірден-бір проблема.

 

 

Ғаламшар-планета

Ауа қабаты-атмосфера

Қоршаған орта-экология

Мәселе- проблема

Сараптама- анали

1-жаттығу

Төмендегі мәтінді оқып, сапалық сын есімдердің астын түзу сызықпен, қатыстық сын есімдердің астын ирек сызықпен сызып көрсет те, олардың қалай жасалып тұрғанын айт.

Көктемгі қара қатқақ, өкпек жел солтүстіктен соғып тұр. Үстіңде қырық жамаулы ләңке шапан, тері шалбар, бұзау бас сірі етік, көнетоз қоңыр бешпент. Осы жұпыны киім өндірдей жас жігіттің сұрын қашырып, қайыршыға ұқсатып тұр. Шидің алдында жасамыс сары қарын әйел түйенің қызғылт жүнін қылшықтай түтіп отыр. Ұрымтал кезеңін тауып, нәзік жерінен түйді, өсектің өткір найзасын қансырата шанышты.Көптен бері көрмей сағынған әйеліне мойнын бұрып, түкті қасын керіңкіреп, жадыраңқы жылы шыраймен емірене қарады.

2-жаттығу

Төмендегі сын есімдерді зат есім сөздермен тіркестіріп сөйлем құраңдар .

Биік, қарлы, әдемі, жазғы, көк, мөлдір, ыстық, жауынды, терең, суық, малды, сусыз, мезгілсіз, алғыр.

3-жаттығу