Ең күшті адам деген кім?
Бақыт жолындағы күрес төңірегіндегі кереғар ұғымдар, адам бақытының адамгершілік құны. Шынайы бақыт пен эгоистік ашқарақтық–бүгінгі заман тақырыбы. Әдебиетте іскер адамды да, қарапайым адамды да емес рухани күшті адамды көрсету керек. Рухани күштілік деген сөз - ар тазалығы. Арлы адам – ең күшті адам. Өйткені ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойынсынбайды. Сондықтан да оның тағдыры қиын болуы мүмкін, өкінішті болуы мүмкін емес.
өзімшілдік- эгоист
бақыт- счастье
рухани күш- духовная сила
кереғар- противоположный
өкініш- сожеление
1-жаттығу.
Мына сөйлемдерді жазып алып, септеулік шылауларды тауып, олардың қай септікте тұрғанын анықтаңыз.
Лейтенант орман шетіндегі зеңбіректер тұрған жерге қарай тұра кеп жүгірді. Төбеден төмен қарай қалықтай құлаған екі-үш жапырақ, Фурманов көшесімен жоғары қарай өрлеп келе жатқан менің алдыма келіп түсті. Полк командирі кеткеннен кейін, көп кешікпей, дем ала алмай ентігіп, түсі қашып, шәпеті денелі рота командирі пулеметшінің қасына жетті. Мақсат үйіне қарай булыға жүгірді. Онда Зелиха сияқты жексұрындар бар ғой. Тек апасы түннен бері қатты мазасызданып, тынышы кетіп жүр. Ғазиз әуелі сескеніп, кейін шегінщектеніп кеткен.
2-жаттығу.
Мына сөздерге септеулік шылаулар қосыңыз. Олармен сөйлем құрыңыз.
Ағаш, көше, көрпе, жануар, дала, шам, сағат, жастық,білім,
дене,дастарқан,күз.
3-жаттығу