Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді (тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

 

Үйге тапсырма беру:

 

Ең күшті адам деген кім? мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу. Септеулік шылауларды қатыстыра отырып сөйлем құрастыру.

 

 

Септеулік шылаулар.

Септеулік шылаулар белгілі бір септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп,оған қосымша (мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттық, т.б.) мән үстеп тұрады да,оны екінші сөзбен байланыстырады.

Септеулік шылаулар мыналар: үшін, сайын,туралы, арқылы, жайлы, сияқты, тәрізді, дейін, шейін,қарай, т.б. Олар септеуліктер деп аталады.

Септеулік мынадай тұлғадағы сөздердің шылауларында айтылады.

1.Түбір тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік , есімшемен тіркесетін септеуліктер: арқылы , жайында, үшін, туралы, сайын, тәрізді, сияқты, т.б.

2.Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: дейін, шейін, таман, қарай, салым,жуық , тарта, т.б.

3.Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: кейін, соң, гөрі, бері, бұрын,әрі, т.б.

4.Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: қатар,қабат, бірге.