Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып,сөйлемдерді көшіріп жаз.
Оқығанды көңілге ықылас... тоқылық.Асыл ... Жанар сөйлесті. .... орман ішін аралап жүріп келемін.Исатай .... Махамбет бастаған топ Жәңгір ханның әскерін тас-талқан етіп жеңеді.Марат Астанадан Алматыға поезд... келді.Достарымыз.... жағайға бардық..... спорт... шұғылданғанды жақсы көремін.Көршің.... тату болғанға не жетсін.Жүн.... фабрикада түрлі маталар тоқылады.Мектепті бес... бітірдім.
11-жаттығу
Берілген сөздерді көмектес септігіне қойып,сөйлем құра.
Желім,Қауға,Қағаз,Тай,Білім,Қайрақ,Еңбек,Қармақ,Тікұшақ,Күрек,Жіп,Кә-
Сіп,Қола,Досы,Зергерлік,Өлеңдері,Саятшылық,Пышақ,Қалам,Жаңалық.
Септік жалғауларына арналған тест сұрақтары.
1. Қазақ тілінде қанша септік бар?
а)6 в)5 с)7 д)4 е)9
2. Атау септік қандай сұраққа жауап береді?
а) кім? не? в)кімнің? ненің? с) кімге? неге? д)қайда?қай жерде? е)кімде? неде?
3. Ілік септігінің жалғауларын атаңыз.
4. Әдептілік пен әдепсіздік туралы жаз.
5.Табыс септіктің жалғауын көрсетіңіз.
а)-а,-мен,-пен в)-н,-ны,-ні с)-на,-не,-ге д)-нда,-нде,-да е)-ға-а,-е,
6.Қосымшаның түрі нешеу екенін көрсетіңіз.
а)2 в)7 с)3 д)8 е)5
7.Табыс септігінде тұрған затесімді анықтаңыз.
а)Ұлжанды в) Ұлжанмен с) Ұлжанға д) Ұлжанның е) Ұлжаннан
8.Жатыс септігінде тұрған сөзді табыңыз.
а)сөремен в) сөреге с) сөреде д) сөреден е) сөренің
9.Септік жалғауын табыңыз.
а)- дар, -дер в)-лар,-лер с)-ы,-і д)-ым, -ім е)-ның,- нің
10.Жаңа сөз жасаушы тәсілді көрсетіңіз.
а) жұрнақ в)тәуелдік жалғау с)көптік жалғау д)жалғау е)септік жалғау
11. «соң», «бұрын» шылауын меңгеретін септікті табыңыз.
а) атау в)барыс с)табыс д)көмектес е)шығыс
12.Морфологияға тән атауды табыңыз.
а) термин в) жалпы есім с) атылы бағыныңқы д) екпін е) синоним
13.Көптік жалғауын көрсетіңіз.
а) дәптер в) жүзер с) күндер д) кептер е) асар
14. Жіктік жалғауының II жағында тұрған сөзді табыңыз.
а) азаматсың в) азаматпыз с) азаматқа д)азаматпен е) азамат
15. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған жатыс жалғауын табыңыз.
а)үйімде в) қалада с)орманда д)көшеде е)өндірісте