Көмектес септігі.

Көмектес септігі. Көмектес септігіндегі сөз кіммен? немен? қалай? деген сұрақтарға жауап береді.

Көмектес септігінің жалғаулары: -мен,-бен,-пен. Бұлардың –менен,-бенен, -пенен варианттары да қолданыста кездесіп қалады.

Көмектес септігінің жалғаулары дыбыс үндестігі заңдылығын басшылыққа алғанымен, дыбыс үндестігіне « бағына бермейді». Былайша айтқанда, сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамастан, көмектестің жіңішке буынды қосымшалары жалғанады: тарақ+пен, күз+бен, баға+мен, көрме+мен т.с.с.

Көмектес септігіндегі сөз кіммен? немен? деген сұрақтарға жауап бергенде, толықтауыш болады да, қалай? сұрағына жауап бергенде, пысықтауыш болады: Асанмен (кіммен?) бес жыл бірге оқыдым. Суды шелекпен (немен?) тасиды. Берілген тапсырманы абыроймен (қалай?) орындаған жақсы.

Адам бойындағы қасиеттер

Адам не үшін жер бетінде өмір сүреді? Не үшін ол жақсы және адал ниетті болуы тиіс?

Адамдар қоғамда да бір- бірімен өзара қарым- қатынаста болады. Әрбір жеке адамның адамгершілік және рухани қасиеттері осы қарым- қатынаста көрініс береді. Бұл қасиеттер адамдарға бірлесіп тіршілік етуге, бейбіт және келісімде өмір сүруге көмектеседі. Достық пен игілік үшін қажетті бұл қандай қасиеттер?

Ең алдымен жауапкершілік- бұл адамның өзіне тапсырылған істі нақты, жақсы және уақытында орындауға тиіс міндеті.

Ақ ниеттілік- әрбір істе және қимыл әрекетте жақсы ниеттердің басшылыққа алынуы.

Өзара түсіністік- өз құрбыларымен, айналадағы адамдармен мектепте, үйде және қоғамдық орындарда ортақ мүдде мен түсіністік таба білу.

Өзара көмек- адамдар қиындықта да, қуанышта да бір- біріне сүйеу болуы керек.

Жанашырлық- бұл әлде неге ұшыраған адамға аяушылық сезіммен ғана қарамай, сонымен қатар оның қайғысына, бақытсыздығына ортақтасу. Мүмкіндігінше жағдайын жеңілдетуге көмектесу, көңілін көтеріп, не істеу керектігіне кеңес беру.

Сыпайылық- айналадағы адамдарға ілтипатпен қарау. Сыйластықпен жауап беру, қиналған кезде жол көрсету. Саған көмектессе, оған рахмет айт. Сөйлескенде сыпайы бол. Айғайлама, сөзді бұзба, басқаларды тыңдай біл, қоғамдық орындарда даурықпа!

Ешқашан, ешуақытта кешікпе, егер бір нәрсені дұрыс істемесең, кешірім сұра!

Адалдық- ешуақытта ешкімді алдама, шыныңды айт. Егер бір нәрсеге уәде берсең, орында. Біреудің затын рұқсатсыз алма, ал егер алсаң, кешірім сұрап қайтар.

 

 

 

жауапкершілік- ответственность

ақ ниеттілік- чистой душой

өзара түсіністік - взаимопонимание

жанашырлық- жалость

сыпайылық- тактичность

адалдық-честность

1 - жаттығу.

Мәтінді оқып түсініктеріңізді айтыңдар

2 - жаттығу.

Мына сөздерге көмектес септік жалғауын қосыңыз. Олармен сөйлем құрыңыз.

Шағым, өтініш, арыз, ұсыныс, ұшақ, поезд, адам, қорғаушы, есепші, тексеруші, бастық, қызметкер, халық.

3 - жаттығу.

Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар. Ондағы септік тұлғалы сөздерді табаңыздар.

Әлия Алматыға поезбен келді. Поездан түсіп, таксиге отырды. Таксимен «Ақсай» ықшамауданына дейін келді. Сәрсен Түркиядан ұшақпен келді. Әуежайдан автовагзалға дейін автобуспен келді. Автовакзалдан арнайы автобуспен ауылына кетті. Сәкен мектепте мұғалім. Ол үлгерімі жақсы балалармен жеке жұмыс істейді. Тәртібі нашар оқушыларды тәрбиелейді. Нұржігіт бірінші курста оқиды. Ол кітапханаға, оқу залына жиі барады. Сабақтан бос кезінде стадионға барады. Оның жолдастары көп. Оның інісі мектепте оқиды.

4 - жаттығу