Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

Кім? Мұнайшы,бала, оқушы, әнші, инженер, мұғалім, оқырман, әкім, оқытушы, есепші, жаттықтырушы, студент.

Қайда? Банк, кеден, институт, мектеп, әкімшілік, бақша, стадион, филармония, завод, өндіріс, кітапхана, университет.

Не ітейді? Тұрады,оқиды, жұмыс істейді, отырады.

10 - жаттығу

Мына сөздерге шығыс септік жалғауын қосып, сұрақтарға жауап жазыңыз.

Не? Ақша, Табыс, өнім тауар, тәрбие, егін, үлкен іс, шеберлік, жаңармай, мемлекет, өзен, асыл заттар.

Неден? Шикізат, жер жаттығу, мұнай, қағаз, бұлақ, алтын-күміс, тәуекел, еңбек, отбасы, бесік, үнемшілдік.

Не істеледі? Басталады, жасалады, шығарылады, өндіріледі, алынады.

11 - жаттығу

Мына сөздерге шығыс септік тұлғасындағы сөздерді табыңыз.

Банк,жауап, заңгер, кеңесші, куәгер, сезікті, іссапар, жауапкершілік, тергеу, қызметкер, басшы, шарт, саясат, есірткі, шекара, таратушылар.

12 - жаттығу

Мақал-мәтелдерден жатыс септік тұлғасында сөздерді табыңыз.

Үй артында кісі бар

Ғалым, дана болмағанда жақанда,

Жерде игілік өңбес еді қашанда.

(Ж.Баласағұн.)

13 - жаттығу

Мақал-мәтелдерді оқып, шығыс септік тұлғасындағы сөздерді көрсетіңіз.

Ақыл-ауыздан, мерей-көзден.Отан оттан да ыстық.Ақыл жастан шығады,асыл тастан шығады.»Адамнан» үлкен ат жоқ, наннан үлкен ас жоқ.Жаман аттан аяғым артығ, жаман жолдастан таяғым артық.Үндемегеннен үйдей пәле шығады.Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді.

 

 

Сабақтың тақырыбы: Көмектес септігі. Адам бойындағы қасиеттер.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Көмектес септігінің өзіне тән ерекшеліктерін меңгерту;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

 

Тәрбиелік:

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу

- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

 

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

 

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

 

Үйге тапсырма беру:

 

Адам бойындағы қасиеттер мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Көмектес септігін қатыстыра отырып сөйлем құрастыру.