Жатыс септігі мен шығыс септігі.

Жатыс септігі. Жатыс септігіндегі сөздер Кімде?Неде?Қайда? деген сұрақтарға жауап береді.

Жатыс септігінің жалғаулары:-Да/-де, -та/-те, -нда/-нде.

 

Басқа септіктердегі сияқты, жатыс септігінің жалғаулары да буын үндестігі дыбыс үндестігі заңдылықтарына сәйкес жалғанады:қолым+да, есім+де, алыс+та, есік+те, баласы+нда, әкесі+нде т.с.с.

Жатыс септігіндегі сөздер кімде? неде? Деген сұрақтарға жауап беріп, толықтауыш болады да, қайда? деген сұраққа жауап бергенде, пысықтауыш болады: Қалада (қайда?) досым тұрады. Сенің жүрегіңде (неде?) адамға деген бір жылылық бар. Менде (кімде?) бір ой бар еді, айтуға болар ма екен?

Шығыс септігі. Шығыс септігіндегі сөз кімнен? Неден? Қайдан? Қашан? Деген сұрақтарға жауап береді.

Шығыс септігінің жалғаулары: -дан,-ден,-нан,-нен.-тан,-тен.

Бұл септіктің жалғаулары да буын және дыбыс үндестігі заңдылықтары бойынша жалғанады.

Сөйлем ішінде шығыс септігіндегі сөз кімнен? неден?сұрақтарға жауап бергенде,жанама толықтауыш болады да,қайдан? қашан? деген сұрақтарға жауап бергенде мекен немесе мезгіл пысықтауыш қызметін атқарады:

Радиодан (неден?) берілген хабарды тыңдап отырмыз. Шығармадан (неден?) үзінді келтірді. Шын көңілден (қалай) алғысымды айтамын. Талайдан(қашаннан?) жауабыңды күтуде едім.

Бақытты болу үшін бай болу шарт па?

 

Дәл осы сұраққа адамзат баласы қадым заманнан жауап іздеген.Содан бері бақыт пен байлықтың арақатынасына арналған том-том трактаттар жазды.соның өзінде көп адам бұл екі түрлі құбылыстың арасын күні бүгінге дейін ажырата алмай келеді.

Әрине,әрбір адам бақытты болуға ұмтылады.Бірақ бақытқа ұмтылу-байлыққа ұмтылу емес.Өйткені өзінің ғана дәулетті болуын армандайтын адам ешқашан да бақытты бола алмайды. “Бақытсыз адамды көріп тұрып,бақытты болу мүмкін емес”,-депті ғой бір данышпан.

“Қазір бізде материалдық байлыққа жетсек,бәріміз бақытты болып шыға келеміз” дейтін “жаңа қазақтар” да аз емес.Бұлар халықтың ғасырлар бойы сұрыпталып барып жинақталатын ең қымбат қазынасын-рухани байлығын есепке алмайды.Рухани әлемінен айырылып қалған талай бай елдер мен құдіретті ұлттардың қалай жойылып кеткенін білмейді олар.Мәселен,қазіргі Американың байырғы тұрғындары үндістер-майа,инк,атапаск,ирокез,муског тайпаларының тарихына бір сәт назар аударайықшы.Бұлар есте жоқ ежелгі замандарда-ақ озат өркениетімен әлемді тамсандырған елдер еді.Бірақ Америка отарлап алған соң,әлгі тайпалардың бәрі өздерінің сан ғасырлық әдет-ғұрпынан,салт-санасынан,наным-сенімінен айырылып қалды.

Қазір бұл үндіс тайпалары өте дәулетті,бай тұрады.Алайда,өздерінің тілінен,ділінен,дінінен,өнерінен, яғни рухани байлығынан айырылып қалған,бір кездегі ұлт ретінде де мойындалмайды.Мойындағысы келмейді.Енді олар бір кезде өздерін отарлап алған халықтардың этникалық құрамына сіңіп,бірте-бірте тарих бетінен өшіп,жойылып барады.Бүгінгі үндістер өздерінің қасіретті тағдырын жақсы түсінеді.Олар өздерінің егемендіел болуын армандай да алмайтын дәрежеге жеткен.Үндістердің бір режиссері “Бір күндік тәуелсіздік үшін бар байлығымызды берер едік” деп аталатын фильмде шығарған.Біз дүние-мүлікті ғана ойлап,рухани байлығымызды жоғалтып алсақ,онда сол үндістердің бүгінгі қасіретті кейпіне түсіп қалуымыз мүмкін.

 

бақыт- счастье

болу-быть

ұмтылу-забыть

дүние-мүлік-имущество

ұлт-национальность

өркениет - развитый

мойындау-признаться

1 - жаттығу.

Мәтінді оқып түсініктеріңізді айтыңдар

2 - жаттығу.

Мына сөздерге жатыс септік жалғауын қосыңыз. Олармен сөйлем құрыңыз.

Ұйым, Біріккен Ұлттар Ұйымы, дүние жүзі, жыл, апта, ай, солтүстік, кеден бекеті, еліміз, республикамыз, үй, курс, тарих.

3 - жаттығу.

Мына сөздерге шығыс септік жалғауын қосыңыз. Олармен сөйлем құрыңыз.

Банк, жауап, заңгер, кеңесші, куәгер, сезікті, іссапар, жауапкершілік, тергеу, қызметкер, басшы, шарт, саяхат, есірткі, шекара, таратушылар.

4 - жаттығу