Мына сұрақтарға жауап беріңіз

Сіз кешке (ертең, бір аптадан соң, екі айдан кейін) қайда (саяхат,кино, саябақ,би кеші, ауыл, әжем, нағашыларым, досым) барасыз? Сіз қандай үйірмеге (жарыс, байқау, фестиваль) қатысыңыз (қатыспақсыз)? Сіз неге (емтихан, сынақ,аралық бақылау) дайынсыз ба? Сіз кімге (досыңыз, ақсақал, балалы әйел, кішкентай сәби, көршіңіз, мүгедек) қандай көмек көрсеттіңіз?

3 - жаттығу.

Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.

Астанаға, дүкенге, емханаға, циркке бару. Мерекелік кешке, білімпаздар сайысына, айтысқа, жарысқа қатысу. Ата-анаға, балаға, қарияға көмектесу. Әкімге, сотқа, төрағаға, бастыққа шағымдану.

4 - жаттығу

Берілген сөздерге барыс септігінің жалғауын жалғаңыз

1. Қала________________

2. Мектеп________________

3. Сынып________________

4. Елі________________

5. Үйім________________

6. Жұмысың________________

7. Әнші________________

8. Баласы________________

5 - жаттығу

Бос орынға табыс септігінің жалғауын қойыңыз

1. Үнтаспа________________ тыңда.

2. Кітап________________ аш.

3. Сөйлем________________ жаз.

4. Сөздер________________ жұптастыр.

5. Бос орындар________________ толтыр.

6. Қате________________ тап.

7. Қосымша________________ жалға.

6 - жаттығу

Керекті сөздерді алып, сұрақтарға жауап беріңіздер.

Бала, әнші, жәбірлнуші, қорғаушы, қария, оқушы, жұмысшы, студент, ғалым,әртіс, спортшы, науқас қайда барады?

Керекті сөздер: институт, стадион, сот, завод, сабақ, саябақ, гастроль, академия, концерт, бөлімше, бақша, аурухана.

7 - жаттығу

Мына сөздерге табыс септік жалғауын қосып жазыңыз.

а) әкім, әкімшілік, азамат, босқын, қауіпсіздік, жұмыссыздық, өзара түсіністік , айыпкер , тергеуші, құқық, ақпарат, алаяқтық, қадағалау кеңесі, жазасы, ниеті, мүдделері, құқық нормалары;

8 - жаттығу

Көп нүкте орнына тиісті жалғауларды қойып, көшіріп жазыңыз. Сөйлемдерді аударыңыз.

Сіз болашақ... ойлайсыз. Өз ісіңіз... ашқыңыз келеді. Көп нәрсе... қол жеткізсем дейсіз. Сіз... көп еңбектену керек. Өз мамандығыңыз... жақсы меңгеріңіз. Енді өзіңіз... сай әріптестер табу керек. Өз ісіңіз... дамыту үшін көп қаржы қажет.Қаржы... қайдан аласыз? Банк... барып, несие алу туралы сөйлесу... керек. Несие... көлем... анықтап алыңыз.Құжаттар... дұрыс толтырыңыз. Ақша... жұмсағанда мұхият болыңыз. Табысыңыз... бірден жаратпай, өзіңіз... қор дайындап алыңыз.

9 - жаттығу

Мақалдарды оқып, мағынасын түсінуге тырысыңыз.Табыс септік тұлғасында тұрған сөздерді көрсетіңіз.

Жақсының жақсылығын айт-нұры тассын,

Жаманның жамандығын айт-құты қашсын.

Тәуекел тау жығар.