Барыс септігі мен табыс септігі.
Барыс септігі. Барыс септігіндегі сөз Кімге? Неге? Қайда? деген сұрақтарға жауып береді.
Барыс септігіның жалғаулары:-қа/-ке, -ға/-ге, -а/-е, -на/-не.
Бұл жалғаулар қазақ тіліндегі буын үдестігі дыбыс үндестігі заңдылықтарына сәйкес жалғанады:дала+ға, береке+ге, ат+қа, ет+ке, қарындасым+а, әжем+е, орны+на, елі+не т.с.с.
Барыс септігіндегі Кімге? Неге?сұрақтарына жауап бергенде, толықтауыш болады да , Қайда? сұрағына жауап бергенде, пысықтауыш болады:Жерлесі Маратқа (кімге?)хат жазып отыр.Ташкентке (қайда?) жүретін поезды күтудеміз.
Табыс септігі. Бұл септіктегі сөздер Кімді?Нені? деген сұрақтарға жауап береді.
Табыс септігінің жалғаулары:-ны/-ні, -ды/-ді, -ты/-ті.
Мысалы: сақина+ны, кеме+ні, қарыз+ды, дәліз+ді, қап+ты, жүк+ті т.с.с
Табыс септігіндегі сөз тура толықтауыш қызметінде жұмсалады:Мына қарбызды сен көтеріп жүрейінші.
Әдеп пен талғам.
Жақсылық пен жамандық,зұлымдық пен махаббат,әділеттік пен әділетсіздік,борыш пен намыс,ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді.Бұларды адам бойына жастайынан мінез-құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Қазақ халқы осыны жақсы түсініп,жастарды от басында кішіпейілділікке,ізетілікке,имандылыққа,инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған. Ер балаларға ауылдың үлкендеріне қос қолдап сәлем беруді,олардың алдынан кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жадына “сіз” деген сыпайлық, “сен” деген анайылық.Адамдықтың белгісі-иіліп сәлем бергені, “кішіпейілділіктен кішіреймейсің” деген қағидаларды үнемі уағыздаған.
Шын мағынасындағы әдептілік (такт) дегеніміз адамның өзінің сөзіне,ісіне есеп бере білуі,қай жерде не айтып,неге араласудың белгілі бір шегін білу.Ол адамның ішкі үлкен мәдениетін,сезімталдығын,тәрбиелілігін көрсетеді.Адам өзін әдепті ұстай білуі үшін алдымен сыпайылық керек.Біреуді ден қойып тыңдай білу,сөзді бөлмеу,сабырлылық,қарапайымдылық-әдептіліктің белгісі.
Қандай бір жағдайда болмаса адам өзін ұстай білгені жөн.Ашу үстінде айтылған сөз әрқашан әділ бола бермейді.Сондықтан біреумен әлдеқалай ренжісе қалсаңыз,бірден үзілді-кесілді пікір айтпауға тырысқан жөн.Әдепті адамның талғамы да биік.Өзін де,өзгені де сыйлай білетін адам көпшілік орындарға қалай болса солай киініп бармайды.Әрине талғаммен киіну деген өз байлығын паш ету емес.Әр киімді орнымен,сыр-сымбатымен,үйлесімімен қолдана білу қажет.
араласу -общаться
тәрбиелі-воспитанный
сабырлы- спокойный
киіну-одеваться
орнымен- к месту
сыйлау-уважение
1 - жаттығу.
Мәтінді оқып түсініктеріңізді айтыңдар
2 - жаттығу.