Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі. Атау септігі мен ілік септігі.

 

Сөздердің септік жалғаулары арқылы түрленуін сөздердің септелуі деп атайды.Қазақ тілінде жеті септік бар: атау,ілік,барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес септіктері.

Атау септігі.Бұл септіктегі сөз Кім? Не? дегенсұрақтарға жауап береді.Мысалы: Кәрібай шанада отыр.Жаңажол аулы Есіл өзенінің жағасына орналасқан.

Атау септігі өзге септіктерге негіз болады. Бұл септіктегі сөздің тәуелдік жалғауын жалғауына қарай сұрақтардың да Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кімі? Несі?тәріздес өзгеру беруі мүмкін.Мысалы: Барады аулым көшіп Балқаш көлге (халық өлеңі).Көптен көрмеген апасы оны сағынып қалыпты.

Атау септігенда сөз көбінесе бастауыш болады.Ілгеріде келтірілген мысалдардағы Кәрібай, Жаңажол аулы, аулым, апасы- сөйлемнің бастауышгмүшелері.

Сөйлемнің соңында келгенде ату септігіндегі сөз баяндауыш қызметін де атқарады :Сәрсен- оқу озаты.

Ілік септігі.Бұл септіктегі сөздер Кімнің? Ненің? Қай?Қандай? деген сұрақтарға жауап береді:Жолдасымның( кімнің?) Бөлмесінде әңгімелісіп отырмыз. Үйдің (ненің?) терезесінен күн сәулесі түсіп тұр.

Ілік септігінің жалғаулары : -ның/-нің, -дың/-дің, -тың/-тің.Бұл жалғаулар буын үндестігі мен дыбыс үндестігі заңдылықтарын сақтап жалғанады:бұтақ+тың, күрек+тің, базар+дың, көз+дің, дана+ның, бейне+нің т.с.с.

Ілік септігінің жалғауы кейде түсіріліп, демек, жасырын түрде де қолданылады:ұжымның мүшесі –ұжым мүшесі ,қаланың көшесі-қала көшесі, институттың кітапханасы-институт кітапханасы т.с.с.Тегінде, арнайы ой екпіні түспеген жағдайда ілік септігінің жалғауы жасырын болғаны жөн.

Жер-су атары, әкімшілік атаулары жасырын ілік септігінде тұрады: Торғай облысы, қаскелең қаласы, Әл-Фараби даңғылы, Арал көлі т.с.с.

Ілік септігіндегі сөз негізінен, сөйлем мүшесінен анықтауыш болады.

 

Әдептілік пен әдепсіздік.

Бір елдің бас әкімі өзіндей бір баймен жолығысып, сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтеді. Ол өтіп бара жатып иіліп, бас ұрып сәлем береді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім онан да төменірек бас иіп сәлем алады.

Қасындағы бай:

- Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз. Қайдағы бір мұжыққа неге сонша иілдіңіз?- деп сұрапты.

Сонда әкім:

- Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп әдептілігін көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қалайын ба?- депті.

 

Мақалдар.

 

1.Сыпайы сырын сақтар,

Әдепті арын сақтар.

2.Жаманның тілі ащы,

Көк мияның гүлі ащы.

3.Үлкенді сен сыйласаң,

Кіші сені сыйлайды

4.Жаманға еткен жақсылығың

Жатқа кеткен малмен тең.

5.Ашулыдан алты табан қашық тұр.

6.Жақсыға барсаң, жазылып қайтарсың.

Жаманға барсаң, жабығып қайтарсың.

 

 

әкім-аким

жолығу- встречаться

жарлы- бедный

иілу- пригибаться

жұрт-народ

үстінен - сверху

1 - жаттығу

Мәтінді оқып түсініктеріңізді айтыңдар

2 - жаттығу.

Көп нүктенің орнына ілік септіктің жалғауларын жалғап, сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Кітап... беті, журнал... редакторы, теледидар... экраны, директор... кабинеті, кабинет.. терезесі, билет... бірінші сұрағы, кітапхана.. кітабы, сабақ... соңы, апта... аяғы.