Қазақ тілінде 7 септік бар.
1 | Атау септік | Кім? Не? | |
2 | Ілік септік | Кімнің? Ненің? | -ның,-нің,-дың,-дің,-тың,-тің |
3 | Барыс септік | Кімге? Неге? | -ға,-ге,-қа,-ке |
4 | Табыс септік | Кімді? Нені? | Ды,-ді,-ты,-ті,-ны,-ні |
5 | Жатыс септік | Кімде? Неде? | -да,-де,-та,-те |
6 | Шығыс септік | Кімнен? Неден? | -нан, -нен,-дан,-ден,-тан,-тен |
7 | Көмектес септік | Кіммен? Немен? | -мен, -бен, -пен. |
1 | Атау септік | Кім? | Бала | Не? | кітап |
2 | Ілік септік | Кімнің? | Баланың | Ненің? | кітаптың |
3 | Барыс септік | Кімге? | Балаға | Неге? | кітапқа |
4 | Табыс септік | Кімді? | Баланы | Нені? | кітапты |
5 | Жатыс септік | Кімде? | Балада | Неде? | кітапта |
6 | Шығыс септік | Кімнен? | Баладан | Неден? | кітаптан |
7 | Көмектес септік | Кіммен? | баламен | Немен? | кітаппен |
Тәуелденген зат есімнің септелуі тәуелді септеу деп аталады. Мысалы:барыс септік балама(кіміме?),табыс септік баласын (кімін?), жатыс септік баласында(кімінде?). Тәуелді септеуде барыс, табыс, жатыс септіктер жалғауларында едәуір өзгешеліктер болады.
ЖЕТІГЕН
« Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде,Септік деген дәулетті, бай шал болыпты.Шалдың қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай өсірген жеті ұлы болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп,
тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген ұлы қайтыс болыпты,сонда шал тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен ?» - деп егіледі.
• Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен?»- деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлынан айырылғанда « нені айтып, кімді ғана қарғайын?» - деп көзі жасқа толып, ағашқа төртінші ішекті қадайды.Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып , « неде, кімде екен себебі?» -деп жылайды. Зұлым аштықтың бір ұшы Шығыс атты ұлына жеткенде, «неден қайтыс болдың,кімнен сені сұраймын?» - деп ағашқа алтыншы ішекті таққан екен.Жетінші ұлы Көмектесі қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?» -деп жеті ұлын жоқтап ұзақ жоқтау айтқан екен. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген» аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқалы шал мұңын халыққа жеткізген деседі.
Бүгінгі ауа райы.
Халқымыз ертеден-ақ ауа-райын бақылаудың қарапайым әдіс, тәсілдерін білген.Далада қой бағып , қоймен бірге ой бағып жүрген қазақтың көне көздері ауа райының өзгерістерін аң-құстың, жайып жүрген төрт түліктің мінез-қарекетіне қарай бақылап, салыстыру арқылы болжаған.
Үй жануарлары ауа-райы құбылыстарына келгенде тым аңғарымпаз.Күн кешкірек малдың бәрі бір бағытта күйсеп жатса , келер күні сол жақтан боран тұрады.
Жылқы-бір жылдық , қой-жарты жылдық, сиыр- екі-үш күндік өзгеріс , құбылыстарды болжай алады.
Сәуірде жылқы ықтаса, алдағы қыс қатты болады.Жазда бөгелек жылқының тұмсығына, шабына көп қонады.Бөгелек осы әдетін бұзып, сауырына, жотасы қонса, онда көп ұзамай жер сілкенеді.
Жылқы жаз айында түсік тастаса, алдағы қыс қатты болады.
Жылқы басын шұлғыса, бұл-келер қыстын жайсыз боларының белгісі.
Жылқы қарға аунаса, күн жылы болады, сілейіп тұрса- аяз түседі.Боран болар алдында қорылдайды.
қарапайым - простой
әдіс- метод
дала-степь
өзгерістер-изменение
аң-құс- звери-птицы
болжау- определять
үй жануарлары –домашные животные
1 - жаттығу.
Мәтінді оқып түсініктеріңізді айтыңдар
2 - жаттығу.