Берілген сөздерге жіктік жалғауын жалғап жазыңыз
1.Мен Қанат_________________.
2.Сен Арман__________________.
3.Сіз оқытушы________________.
4.Сен бөлім меңгерушісі________.
5.сіз банк қызметкері___________.
8 - жаттығу
Берілген сөздерден сөйлем құраңыз.
Үлгі: мен/Асан
Мен Асанмын.
1. мен/директор ____________________________
2. мен/заңгер____________________________
3. мен/кім____________________________
4. мен/бөлім меңгерушісі____________________________
5. мен/полиция қызметкері____________________________
Зат есімнің мағыналық түрлері саласына арналған тест сұрақтары.
1. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
а)9 в)7 с)5 д)8 е)6
2. Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы?
а) есімдік в)зат есім с) сан есім д)үстеу е)сын есім
3. Зат есім мағынасына қарай қаншаға бөлінеді?
а) 5 в)7 с)8 д)4 е)9
4. Біркелкі заттардың жалпы атауы.
а) жалқы есім в) деректі с) жалпы есім д)дерексіз е)туынды
5. Көзге көрінбейтін, ойлау қабілеті арқылы танылатын зат есім.
а) дерексіз в) деректі с) жалпы есім д) жалқы е)жалпылау
6. Қазақ тілінде зат біреудің иелігінде екенін көрсету.
а) тәуелдік жалғау в) көптік жалғау с)септік жалғау д)көптік жалғау е)сөз түрлендіруші жұрнақ
7.Жалпы есімді анықтаңыз.
а)Алпамыс в)Мойынқұм с)Жәнібек д)Мекеме е)Құлагер
8.Көптік жалғауын табыңыз.
а)- мақ,-мек в)-са,-се с)-ның,-нің д)-лар,-лер е)-ып,-іп
9.Ілік септігінде тұрған зат есімді табыңыз.
а) маңайда в)жақынның с)көркемөнерге д)аланың е)мектептің
10.Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған шығыс жалғауын табыңыз.
а) мектепке в)балалық с)көшесінде д)кітабымнан е)Астанада
11.Дерексіз зат есімді белгілеңіз.
а)дәптер в)үй с)тау д)орамал е)ақыл
12.Зат есімді табыңыз.
а) екі в)сары с)әрең д)кітап е)әттең
13.Негізгі зат есімді көрсетіңіз.
а)балықшы в)әке с)егін д)бұрғы е)кітапхана
14.Дерексіз зат есімді көрсетіңіз.
а)кереует в)қорамса с)құдірет д)сандық е)айбалта
15.Жіктік жалғауындағы жалқы есімді анықтаңыз.
а)Қуанышпен в)Қуаныштымын с)Қуанышқа д)Қуанышым е)Қуанышпын