Қазақ тіліндегі жіктік жалғау-зат есім мен етістікке қатысты жалғау.
Зат есімдерден жіктік жалғауды адамның мамандығына, кәсібіне, айналысатын ісіне байланысты сөздер қабылдайды да, бұл сөздер үш жақтың қайсысына қатыстылығын көрсету үшін жұмсалады. Мысалы: мен оқушымын, сіз мұғалімсіз, біз кәсіпкеміз т.б.
Жақ | Жекеше | Көпше |
I | Мен кәсіпкермін | Біз кәсіпкерміз |
II | Сен кәсіпкерсің Сіз кәсіпкерсіз | Сендер кәсіпкерсіңдер Сіздер кәсіпкерсіздер |
III | Ол кәсіпкер | Олар кәсіпкерлер |
Қыс мінезі.
Қыс - жылдың 4 мезгілінің бірі. Бұл мезгілде жер өз орбитасының қысқа күн тоқырау нүктесінен күн мен түннің жағытұрғы теңделу нүктесіне дейінгі аралығында болды. Астрономия тұрғысынан 89 - 90 күн. Әдетте желтоқстан, қаңтар, ақпан айлары. Қыста күннің көзі жаздағысынан төмен деңгейде болады. Одан көлбей түскен сәулелер жер бетін жаздағыдай жылыта алмайды. Күн қысқа, түн ұзақ, ауа райы салқындайды. Құстардың көпшілігі жылы өлкелерге кетеді. Кейбір аңдар апандарына тығылып, уақытты ұйқымен өткізеді. Қазақстан жерінің қысқы сипаты біркелкі емес. Солтүстік облыстарында қыс қатал және ұзақ, оңтүстік облыстарда қысқа және жұмсақ болып келеді.
қысқа -короткий
төмен - низкий
сәулелер-лучи
ұзақ-длинный
ауа райы -погода
салқындайды- становится холодно
аңдар – зверь
апандар- берлоги
тығылып - прячутся
ұйқы - спячка
1 - жаттығу.
Мәтінді оқып түсініктеріңізді айтыңдар
2 - жаттығу.