Жақшадағы сөздерге керекті жалғауын қосып, жазыңдар.

Сенің ...(брат) бар ма? Менің ...(ручка) сенде ме?Оның ...(бабушка) нешеде? Сенің ...(отец) дәрігер ме? Оның жеке ...(поликлиника) бар ма? Мына үй ...(чей)? Мына баяндама ...(твой).

3 - жаттығу.

Үлгі: Мына кітап- сенікі.- Жоқ, бұл кітап сенікі емес. Мынау менің кітабым.- Жоқ, бұл менің кітабым емес.

Менің ағам- мұнайшы- инженер. Менің анам –есепші. Менің інім- шебер ойыншы. Сенің әпкең- заңгер.Оның әкесі- экономист. Сіздің ініңіз- тергеуші. Сіздің көршіңіз- айыпкер. Сіздің ініңіз- куәгер. Сендердің аталарың- соғыс ардагері.

4 - жаттығу

Берілген сөйлемдерді жұптастырың

1. Мен Айнұрмын. 1-________________

2. Мен Сұлтанмын. 2-________________

3. Мен дәрігермін. 3-________________

4. Мен қазақпын. 4-________________

5. Мен профессормын. 5-________________

 

 

5 - жаттығу

Бос орынға керекті жіктеу есімдігін қойыңыз

1.________________ әкесі – зейнеткер.

2.________________ мамандығың- жолсерік.

3.________________ұлтыңыз- түрік.

4.________________елім- Қазақстан.

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі. Қыс мінезі.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Зат есімнің жіктелу жолдарын, олардың жекеше және көпше жіктелуін ұғындыру;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

 

Тәрбиелік:

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу

- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

 

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

 

 

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

 

Үйге тапсырма беру:

 

Қыс мінезі мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Жиырма зат есімді сөз алып оны жіктеңіздер.

 

 

 

 

Зат есімнің жіктелуі.