Белгілі бір заттың біреугн, I, II, III жақтың біріне, меншікті екенін білдіретін граматикалық көрсеткіш тәуелдеу категориясы деп аталады.
Жақ | Жекеше | Көпше |
I | Менің үйім | Біздің үйіміз |
II | Сенің үйің Сіздің үйіңіз | Сендердің үйлерің Сіздердің үйлеріңіз |
III | Оның үйі | Олардың үйлері |
Тәуелдік жалғау- тәуелдеу категориясының морфологиялық тәсіл арқылы берілуі. Қазақ тілінде зат біреудің иелігінде екендігін көрсететін жалғау тәуелдік жалғау деп аталады.
Тәуелдік жалғау көбіне ашық қолданылады. Кейде біздің, сіздің деген жіктеу есімдіктерімен байланысты айтылатын сөздердің жалғаулары түсіп қалады. Мысалы: біздің үй, сіздің үй. Қазақ тілінде тәуелдікті көрсететін –нікі,-дікі,-тікі жұрнақтары бар. Бұл жұрнақ жалғанған тіркестер тәуелдік заттың аты оның иесін білдіретін сөзден бұрын тұрады. Тәуелді затты атайтын сөзге ешбір қосымша қосылмайды. Мысалы: кітап Анаргүлдікі,қалам Асандікі т.б. Бұл жұрнақтың жуан түрі жоқ, жуан сөзге де, жіңішке сөзге де осы жіңішке түрде жалғанады, Ендігі бір ерекшелігі- жақтың мағынасы жоқ.
Улы өсімдіктер.
Өсімдіктер әлемін зерттеуші ғалымдар өсімдіктердің он мыңдай түрін улы деп есептейді. Алайда улы өсімдіктердің бәрі бірдей – қатерлі емес. Кейбіреулері белгілі бір мерзімде өсіп жетілгенше бұл қасиетін сақтайды. Соның ішінде, әсіресе, көлеңкеде өскен улы шөптің уы мол болады.
Улы өсімдіктердің көбі гүлдермен ғана емес, хош иісімен де назар аударады. Маржангүлдің (ландыш) хош иісіне бәрі қызығады. Ал бұл гүлді салып қойған суды аузына алған адам уланады.
Меңдуананың сары гүлдерінің жиегі күлгін түсті шеңберлі болып келеді. Бірақ иісі өте жағымсыз. Күзге қарай гүлдің орнына құмдай ұсақ дәнге толы қоңыраушалар пайда болады. Меңдуана- өте улы өсімдік.
зерттеуші -исследователь
улы-ядовитый
есептейді-считает
қатерлі- опасный
кейбіреулері- некоторые
жетілу- развиваться
қасиет- свойство
сақтау-хранить
1 - жаттығу.
Мәтінді оқып түсініктеріңізді айтыңдар
2 - жаттығу.