Төмендегі туынды зат есімдерден сөйлем құраңдар.
Үлгі: Қағазбай жаз бойы егін суарып, астық бастырды.
Егін, көрме, айтыс, мақтаныш, сезім, тұсау, салмақтылық, ұғым, елдік, көрші.
4-жатттығу
Деректі зат есімдерден сөйлем құраңыз.
Қалам, су, домбыра, есік, сия, бор, балық, жер, баспалдақ
5-жаттығу
Адам бойындағы дерексіз қасиеттерді жазыңыз.
6-жаттығу
1. Бірлік, ынтымақ туралы мақалды табыңыз.
А/ Еменнің иілгені – сынғаны,
Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені.
В/Әзіл айтсаң да, әділ айт.
С/Алтау ала болса ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
2. Мәтелді табыңыз.
А/Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
В/Ел құлағы – елу.
С/Отан үшін отқа түс – күймейсің.
3. “Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар” мәтелдің мағынасын тап.
А/ аз іс істеп, көп міндет ету.
В/ әнші болу, ән айту
С/ысқыра алатын адам, мал бағу.
4.Нағашы қай жақтан туысқан.
А/ Әке В/Ана С/ Жезде
5. Қимыл-қозғалысқа қатысты сөзі тап.
А/сөйле В/ тас С/ ожау
6. Қай тіркес “ұялу” сөзімен синонимдес.
А/табанын жалтырату
В/мұрнын шүйіру
С/кірерге тесік таппау
7. “Ит арқасы қиянда” тұрақты тіркестің антонимін тап.
А/Таяқ тастам жер
В/Ит өлген жер
С/ Сүт пісірім уақыт
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі. Улы өсімдіктер.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Тіл білімінің салаларын меңгерту;
- Зат есімнің жай септелуі мен тәуелді септелу айырмашылықтарын меңгерту;
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;
-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Улы өсімдіктер мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Сөйлемдер құрастырып ондағы зат есімдерді тәуелдеп жазыңыз.
Зат есімнің тәуелденуі.