Деректі және дерексіз зат есімдер.
Айналадағы заттар мен құбылыстардың адамға танылуы әр қалай. Олардың бірін қолмен ұстап, көзбен көруге болады, ал енді бірін оймен, ақылмен ғана сезіп білеміз. Осындай ерекшелігіне байланысты олардың өзі деректі және дерексіз болып бөлінеді.
Көзбен көріп, қолмен ұстап, дәмін сезетін зат есімді деректі (конкретные) зат есім дейміз.
Мысалы: кісі – человек, бала – ребенок, мектеп – школа, тас – камень, ағаш – дерево, алма – яблоко.
Көзге көрінбейтін, денеге сезілмейтін, ойлау қабілеті арқылы танылатын зат есімді дерексіз (абстракті) зат есім дейміз.
Мысалы: ақыл-ум, ой – дума, сана – сознание, жақсылық – добро, арман – мечта.
Ол уақытта Америкада ашылмаған еді.
Алғашқы глобусты 2000 жылдан астам уақыт бұрын Кратес есімді адам жасаған. Оны ежелде «жер алмасы» деп атаған. Мұндай глобустың бірін 1442 жылы неміс географы Мартин Бехай да жасаған. Мартин глобусты жасау кезінде атақты саяхатшы Марко Поло мен Африкаға таяу теңіздерді шарлап жүрген португал теңізшілерінің карталарына сүйенген. Бір қызығы, бұл «жер алмасына» Америка кірмеген. Себебі, ол уақытта Американы әлі ешкім аша қоймаған-ды. Ал, глобусты жұрт тек бір жарым ғасырға жуық уақыт өткен соң ғана кеңінен пайдалана бастаған. Бұдан кейін ХYI ғасырда адамдар сағат механизмі арқылы оны өздігінен айналатын етіп жасаған.
жасау-сделать
ежелде-в древности
саяхатшы-путешественник
қызық-интересный
таяу-близко
1 - жаттығу.
Мәтінді оқып түсініктеріңізді айтыңдар.
2 - жаттығу
Мәтіндегі деректі, дерексіз зат есімдерді анықтаңдар.
Сайыпқыран, тәкәппар Гүлсары көзі жайнап, бір бүйірлеп билей басып ортаға шықты. Ол өзінің құдіреттілігін, сұлулығын, даңқты екенін сезгендей еді. Алдына қара салмай бағы жанып тұрған кезде жүйріктің аты жер жарады. Десе де,кім біледі, күншілдік түрі тоқсан тарау: адамға қастандық істеймін деп аттың табанына шеге қағып жіберетіндер де бар.
3 - жаттығу