Жұмбақтарды көшіріп жазып, зат есімдердің астын сызыңдар.

Аспанда бір ана бар,

Маңы толған балалар. (Ай мен жұлдыз)

Ұшып жүрген гүл көрдім,

Қонғанда ұстап үлгердім. (Көбелек)

Басып озып құсты,

Қанатын қақпай ұшты. (Ұшақ)

 

Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй соғады. (Қарлығаш)

4-жаттығу

Мәтіннен жалпы, жалқы есімдерді теріп жазыңыз

Қырғыздың ұлт жазушысы Шыңғыс Айтматов : «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде . Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы» - деп баға берсе, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы : «Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, ертеңгі, бүрсүгіні де тағдыры.. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – ата-бабамыздың, тарихымызды ұмыту» - деп толғанады.

Тілдің тілге жаулығы жоқ. Өзге тілді құрметтеу, алдымен, өз тіліңді құрметтеуден басталады. Ана тілін жанындай сүйген ұлы жазушы Мұхтар Әуезов дағыстан ақыны Расул Гамзатовқа «Өлеңіңді авар тілінде оқышы» деп тілек білдіріпті. Расул өлеңін ойға шомып тыңдаған Мұқан : « Тілің күңгірлеп жатқан тастардың үніне ұқсайды екен»,- деп тебірене теңеу айтыпты. Ал Расул Гамзатовтың өзі « Егер ертең тілім болса құрымақ. Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ»- деп жырлап кеткен жоқ па ?!

5-жаттығу

Мәтінге ат қойып,ойтүйінін табыңдар.

Жалқы есімдерге морфологиялық талдау жасаңдар.

Қарашаңқайдан ары асқан соң,немене,Шаңды,Сарыатан,Қызылқұдыққа құлап кеткендей,демде барып қаласың.Қызылқұдықтан көшіп,Әулиетастың дөңінен асқан соң,қарсы алдымнан жарқырап Майсор көрінеді.Майсордың құлағына бір түнеп,малды шалғынга шеміршектетіп алып,қалың қаулы,жауыншалы,жоңышқалы,бетегелі бұйрат пен белден бел асып отырып,Шақшан адырының түбінен Шілдертігі қарай қылт ете түсесің.Жердің бәрі Күнікейдің кеудесінде сайрап тұр.Бәрі де бала жасынан бері қозы қуған,бұзау қайырған,тезек терген,ән салған,ат ойнаған,асыр салған танымал жерлері.

6-жаттығу

Жалқы есімдермен жалпы есімдерге сөйлемдер құрастырыңдар

Үлгілер:a)Таудың табиғаты тамаша,Талғат,Таңат,Тұрарбек,Темір төртеуі тау табиғатын тамашалап,таңқурай терді.

7-жаттығу

Жалпы есімдермен жалқы есімдерді бөліп бөлек жазыңдар.

ағаш, ат, ас, арал, арба, бас, бала, ақыл, сана, түсінік, ер, ес, ет, дала, су, отін, көмір, кеңсе,Асқар, Арлан, Ағыбай,Тайбуырыл, Теңбілкөк, Ақтабан, Таймас,"Еңбек", "Қайрат", "Түрксіб",Егемен Қазақстан", "Өркен", "Менің атым Қожа", Алатау, Қаратау, Іле, Ертіс,Теміртау, Абай даңғылы, Республика алаңы