Жалпы есімдер мен жалқы есімдер.

 

Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Біркелкі заттардың жалпы атауы жалпы есім деп аталады. Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана қойылатын аты жалқы есім деп аталады. Мысалы: кісі, адам деген жалпы адаматаулыға тән ат болса, Байжан, Гүлнар дегендер адам атаулының бәріне емес, жеке кісілерге ғана қойылған. Жалқы есім, әдетте, жеке кісінің аты-жөні, мемлект,республика, облыс, аудан, қала, көше, ұйым, мекеме, зауыт, фабриканың жеке аттары, географиялық( жер,су т.б.) атаулар, әр түрлі шығарма (газет, журнал, кітап, ән, күй, би т.б.) аттары, мал, құс,хайуанаттарға арнайы қойылған( Тайбурыл, Құлагер т.б.) аттар болып келеді. Жалқы есімдер бас әріптен басталып жазылады.

Жыл мезгілдері.

Көктем - жазғытұрым - жылдың 4 мезгілінің бірі, бұл мезгілде күн ұзара береді, жер шары өз орбитасын күн мен түннің жазғытұрымғы теңелу нүктесінен жазғы күн тоқырау нүктесіне дейін болады. Астрономия тұрғысынан көктем 93 күн әдетте наурыз, сәуір, мамыр көктем айлары болып есептеледі. Көктемде күн жылынып, қар кетіп, тоң жібиді, жер көктейді. Қыста ұйықтайтын жәндіктер мен хайуанаттар ұзақ ұйқысынан оянып, тіршілік ете бастайды. Жыл құстары қайтып келіп ұя салады, мал төлдейді. Қыстан жүдеп тоңып жұқарып шыққан малдар, аңдар мен құстар татынып масайрайды, түлейді. Көктемде тал егу, егін салу, су бөгеу сияқты жұмыстары қауырт жүргізіледі. Сондықтан көктемнің бір күні - жылға азық - дейді дихандар. Қазақстанның жерлерінің көктемдегі сипаты біркелкі емес, қар оңтүстік облыстарында ерте, солтүстік облысында кеш кетеді. Бұл жайт шаруашылыққа да зор әсер етеді. Бізде жер шарының Солтүстік жартысында (Оңтүстік Америка, Австралия, Антрактидада) күз болады.

Жаз - жылдың 4 мезгілінің бірі. Бұл мезгілде жер шары өз орбитасының жаздағы тоқырау нүктесінен күн мен түннің күзгі теңелу нүктесіне дейінгі аралығында болады. Астрономия тұрғысынан 93 күн әдетте жер шарының Солтүсітік жартысында маусым, шілде, тамыз жаз айлары болып есептеледі. Жан- жануарлардың тіршілігіне жайлы шаруашылыққа қолайлы кез. Жазда табиғат жадырап күн ұзақ және жылы болады. Мал семіреді, егін бойлап өседі. Ауылшаруашылық, құрылыс, тасымал тағы басқа жұмыстың қауырт жүргізіледі. Қазақстан жерінің жаздағы сипаты біркелкі емес, ауа райы жаз айлары оңтүстік облысы ыстық, солтүстік қоңыржай болып келеді, кейде күнделікті тұрмыста көктем мен күздің жылы кезеңдерін қосып жазда 6 ай деп есептейді.

 

Күз - жылдың 4 мезгілінің бірі. Бұл мезгілде жер шары өз орбитасының күнмен түннің күзгі теңелу нүктесінен күннің қысқы тоқырау нүктесіне дейінгі аралықта болады. Астрономиялық тұрғыдан күз тоқсан күнге созылады. Әдетте қыркүйек , қазан, қараша айлары. Күзде күн суытып көлдер мен өзендер тартылып, өсімдктер қурайды, ағаштардың жапырағы түседі. Күн қысқара береді. Егін піседі, мал семіреді. Жыл құстары тізбектеліп, жылы өлкелерге ауып кетеді. Қазақстан жерінің күзгі сипаты бір келкі емес, солтүстік облыстарда егін піскенде, оңтүстік облыстар егіндерін жинап болады.

Көктем

 

Сәуір де келді құрметті,

Дүбірлі думан қырда бір.

Қарсы алуға дүрмекті,

Қызыл гүлдер де қырда жүр.

Далада - дәйім жамырау,

Қозады көріп делебең.

Бармақтай ғана қоңырау,-

Бозторғай сазға бөлеген.

Өмірге деген ұғымым,

Өрелі күйге ауысқан.

Көктемнің келте ғұмырын,

Тамсанып тұрып тауысқам...

Мамыр да салды әлекті,

Мамырлап жүрген халық бұл.

Асығыстап бәрі өтті,

Естелігі-ақ қалып тұр.

Елжіреп тұрса көктен күн,

Көңілім де менің көк теңбіл.

Өзегімді өртеп өткен күн,

Өзімнен өзім шектелдім.

Өтеді дәурен қас-қағым,

 

Жаз

 

Қанағатсыз болды ма,

Уақыт деген хас пері.

Мамырды басып алды да.

Маусымға кірді әскері.

Өзіне аян ертеңі,

Қызығын жаздың көп көрді.

Шағылды, құмды өртеді,

Қиялай өтіп бөктерді.

Керімсалға ернін тосады,

 

Даланың шаңқан гүлдері.

Мезгілдің қатал жасағы,

Жылжыды тағы ілгері.

Жиделер жұпар шашады,

Ауаның желпіп кәусары.

Омырауын шөптің ашады,

Оспадар желдің саусағы.

Қысқы кеш

 

Күн бұзылар тегінде:

Дала да қызыл, қызыл қыр.

Қазығұрттың көгінде,

Қып-қызыл бұлт жүзіп жүр.

Жасырып жерден арайды,

Қызыл бұлт көшті анталап.

Суық тартып қарайды,

Аспанның көзі қанталап.

Сабырын сарқып сауысқан,

Мазасы кетті сақылдап.

Кешкілік ащы дауыстан,

Сынады аяз сатырлап.

Бүгінгі кештің түрі жаман,

Ызғарлы дала құшағы.

Ерініп шыққан мұржадан,

Көк түтін көлбеп ұшады.

Бар өзгеріс - тау жақта:

Шың шытынып қарады.

Ауылдан біраз аулақта,

Итқұс жортып барады.

Қарайды төмен тұнжырап,

Әуенің көркі көгілдір,

Қуаныш,күлкі тым жырақ,

Сары күз

Сары мыстан аумайтын сары күзім,

Сар даланың өткінші сәнімісің?

Жиып -теріп жатасың шашылғанды,

Өз ісіңе келгенде кәнігісің.

Артыла бер еселеп арбаларға,

Ырыс-құтты құя бер қамбаларға

Ала жаздай тырбанып келген еді,

 

Момын елдің бақыты - сол болар да.

Тарынатын күн туса ел егер де,

Несібеңді талшықтап келе бер де...

Жақсылығың болса да аямассың,

Жаманшылық дегенді бере көрме?!

Жаманшылық!.. Жанымыз сыздап әлі,

Жылына алмай келеміз мұздағалы.

Жомарт деген атың бар сары күзім,

мезгіл- время

күн ұзару- дни становятся длинными

біркелкі - одинаковый

ерте-рано

кеш-поздно

шаруашылық- хозяйство

1 - жаттығу.

Мәтінді оқып түсініктеріңізді айтыңдар

2 - жаттығу.

Өздерің білетін жалқы есімдерді естеріңе түсіріп, дәптерлеріңе жазыңдар.

1) кісі аттары;

2) мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, ауыл атаулары;

3) ұйым, мекеме, зауыт, фабрика, ұжым атаулары;

4) жер, су атаулары;

5) газет-журнал, кітап, ән, күй, шығарма атаулары;

6) жылқыға, сиырға, түйеге, итке, т.б. хайуанаттарға қойылатын аттар.

3 - жаттығу.