Төмендегі тұрақты тіркестерді қатыстырып шағын мәтін жаз

1.Тасы өрге домалау. 2.Сіркесі су көтермеу.

3.Қабақ шытысты. 4.Сөз байлау.

5.Көзге түртсе көргісіз. 6.Арасынан қыл өтпейді.

7.Ат ізін салмау. 8.Ит арқасы қиянда.

9.Бармағын тістеу. 10.Жүрек жұтқан.

11. Кірпік қақпау. 12. Аузынан салбырап түскендей.

13.Жалғанды жалпағынан басу. 14.Қырғи қабақ болу.

15.Үріп ауызға салғандай. 16.Тайға таңба басқандай.

17.Жұмыртқадан жүн қырыққан. 18.Көзі алақандай болу.

19.Көзге сүйел болды. 20.Көкірегі қарс айырылу.

7-жаттығу

Мағынасы синонимдес тұрақты тіркестерді тап?

А)Бауыр басу–тайға таңба басқандай В)Таяқ тастам жер–ер жүрек

С)Екі езуі құлағында- төбесі көкке жету Д)көз ілмеу –көз шырымын алу

Тұрақты тіркесті тап.

А)Қолы бармау В)Қолы ауыру С)Қолы күю Д) Қолы мұздау

«Салу» сөзі қай сөзбен тіркескенде тұрақты тіркес болады?

А) Затты В)Сурет С)Хат Д)Құлақ

Қай тіркес «менсінбеу» сөзімен синонимдес?

А)мұрнын шүйіру В)табанын жалтырату

С)кірерге тесік таппау Д) сіркесі су көтермеу

Қай тұрақты тіркестің мағынасы дұрыс көрсетілген?

А)Мұрнын шүйірі – дәмелену В)Сөз беру - таңдану

С)Зығыры қайнау - өлу Д)Сілесі қату – шаршау

 

 

Сабақтың тақырыбы: Жалпы есімдер мен жалқы есімдер.

Жыл мезгілдері.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Зат есімнің мағыналық бір түрі, жалпы және жалқы есім туралы түсінік беру;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

 

Тәрбиелік:

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу

- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

 

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

 

Үйге тапсырма беру:

Жыл мезгілдері мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу. Жалқы есім және жалпы есімдерді қатыстыра отырып сөйлем құрастыру.