Мәтінді оқып түсініктеріңізді айтыңдар
2 - жаттығу.
Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз.
Сіз қай қалада туылдыңыз? Алматыда қашаннан бері тұрасыз? Қаланы жақсы білесіз бе? Онда қандай демалыс орындары, саябақтар, мұражайлар мен көрмелер, театрлар мен стадиондар бар? Қандай ықшамаудандарды білесіз? Қалаға бірінші рет келген адамға қандай жерлерді көрсетер едіңіз? Қалада кімдердің ескерткіштерін білесіз? Олар қандай көшелерде орналасқан? Сіз қала көшелерін жақсы білесіз бе? Өзіңіз қай көшеде тұрасыз? Сіз театрға жиі барасыз ба? Киноға ше? Соңғы рет қандай спектакльге бардыңыз? Ұнады ма? Бармасаңыз, неге? Сіз «Медеу» мұз айдынына жиі барасыз ба?
3 - жаттығу.
Сөйлемдердегі зат есімдерді табыңыздар.
Жауған оқ бәсеңдеп, жым-жырт бола қалды. Енді уақыт өткізуге болмайды, ұзаңқырап кету керек. Барлық жүкті арқама асып алдым да, Аркашаны қолтықтап, дөңес жаққа жүгірдім. Жаралы Аркаша одан әрі жүре алмады. Осы арада оның кішкентай, жеңілдігінің пайдасы тиді. Мен оны қап көтергендей,иығыма нығыта салып алдым да, алға қарай жүгіре бердім.Өзім де әбден қалжырадым. Аркашамен бірге жерге құлап түстім. ОЛ әбден әлсірепті. Оны бір ағаштың түбіне сүйеп қойдым да, жаралы жерін іздестіре бастадым.
4-жаттығу
Берілген етістіктерден зат есім жасаңыз
Байла, күзе, қыс, ұр, кес, айт, қуан, жүр, саба, жама, өлше, баста, шұқы.
5-жаттығу
Мақал-мәтелдер ішінен антонимдерді бір бағанға, болымды-болымсыздық мағынадағы сөздерді бір бағанға жазыңдар.
Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы. *Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен. *Мал сақтама, ар сақта. *Дұшпанға тастай қатты бол, Досыңа балдай тәтті бол. *Берекені көктен тілеме, Бірлігі мол көптен тіле. | *Жаман сөз –жанға кірген тікен, Жақсы сөз – таусылмайтын ем. *Ердің өзіне қарама, сөзіне қара. *Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол. *Қыс арбаңды сайла, Жаз шанаңды сайла |
6-жаттығу