Зат есім және оның мағыналық түрлері.
Сөздердің білдіретін мағынасына, түрлену тұлғасына, қойылатын сұрағына, сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топталуын сөз таптары деп атайды. Қазақ тілінде 9 түрлі сөз табы бар. Олар:зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.
Заттың атын білдіріп, кім? Не? деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: Ата, Айбек, балалар, бөлме, Нұргүл.
Табиғатта, қоғамда зат атаулары өте көп. Оларды мал атаулары, қора-қопсы, үй мүліктері, өсімдік, жан-жануар, құрт-құмырсқа атаулары, қоғамдық, тұрмыстық, саяси-әлеуметтік салада қолданылатын атаулар деп жіктеуге болады.
Зат есім мағынасына қарай 8 топқа бөлінеді: жалпы(нарицательные), жалқы(собственные), нақтылы(деректі)(конкретные), абстрактылы (дерексіз)(отвлеченные), жанды(одушевленные) жансыз(неодушевленные) заттық(вешественные), жинақтау(собирательные).
Қазақстанның табиғат жағдайлары.
Қазақстанның табиғат жағдайлары әр алуан. Онда гүлденген жазиралы, шексіз-шексіз дала да, құнарлы жерлер мен тамаша жайылымдар, шөл мен сортаң жерлер де, жасыл шалғын тау бөктерлері де, бедерсіз қу тақыр да кездеседі.
Республиканың солтүстігіндегі ең шеткі нүктелері Мәскеу жатқан ендікте, ал оңтүстігіндегі ең шеткі нүктелері Мадрид, Ыстамбул және Баку жатқан ендікте орналасқан.
Оңтүстік аудандарда өрік гүлдеп, тұқым себу аяқталып жатса, солтүстік аудандарда әлі де аяз өз күшінде тұрады.
Қазақстан аумағында Сібір суығы мен аптапты Орта Азия ыстығы, тау орманы мен жол тақырлары бірдей кездеседі. Бұл жерде мәңгі қар басқан таулар да, мұхит деңгейінен төмен орналасқан ойыстар да, төбелі жазық та, ұлан-ғайыр ойпаттар да бар. Осындай әр алуан бола тұрса да, республика жерінің оннан тоғыз бөлігін жазықтар алып жатыр.
табиғат -природа
әр алуан - разные
шексіз-шексіз -бескрайний
құнарлы жерлер – плодородные земли
шөл мен сортаң жерлер – пустыни – болотистые земли
жасыл шалғын тау бөктерлері – зеленые горные долины
солтүстік - север
оңтүстік - юг
орналасқан- расположены
1 - жаттығу.