5 .Омоним болатын сөздер қатарын табыңыз.

а)жүз, қой в)ән,қалам с)ағаш, темір д) нан,көйлек е)жігер, дәптер

6. Синонимдік қатарды табыңыз.

а)етік, бөрік в)парыз, қуаныш с)жылқы, тай д)қыстау, жайлау е)қисынды,орынды, ретті

7.Термин сөзді табыңыз.

а)ақыл, ауа в)екіден, үштен с)теңдеу, синус д)кел, жүз е)қыс, жаз, күз

8. «зілдей» сөзінің әдеби тілдегі баламасын көрсетіңіз.

а)қаңбақтай в)еңселі с)мамықтай д)жеңіл е)ауыр

9.Қарама- қарсы мәнді сөзді табыңыз.

а)тұлға, сымбат в) қараңғы,жарық с)қарт, қатия д)тебіншек, шегіншек е)күндіз, түсте

10.Қысқарған сөзді анықтаңыз.

а) көңілді в)атқару комитеті с)педколледж д)килограмм е)азан- қазан

 

 

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Зат есім және оның мағыналық түрлері. Қазақстанның табиғат жағдайлары.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Сөз таптары және оның түрлерінен мағлұматтар беру;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

 

Тәрбиелік:

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу

- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

 

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

 

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

 

Үйге тапсырма беру:

Қазақстанның табиғат жағдайлары мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу. Мәтіннен зат есімдерді тауып сұрақтарын қою.