Шақыру одағайын теріп жазыңыз
Тәйт, құрау-құрау, түу, мәссаған, моһ-моһ, қош-қош, шөре-шөре, тәйт
4 - жаттығу
Көңіл-күй одағайларына сойлем құраңыз
Алақай, әттең, шіркін
5 - жаттығу
Мағынасына сәйкес тұрақты тіркестерді синонимдерімен сәйкестендіріңдер.
1.Тасы өрге домалау. 2.Сіркесі су көтермеу. 3.Қабақ шытысты. 4.Сөз байлау. 5.Көзге түртсе көргісіз. 6.Арасынан қыл өтпейді. 7.Ат ізін салмау. 8.Ит арқасы қиянда. 9.Бармағын тістеу. 10.Жүрек жұтқан.
Батыр | |
Өкіну | |
Алыс | |
Жолы болу | |
Ашуланды | |
Тату | |
Хабарласпау | |
Уәделесу | |
Қараңғы |
6 - жаттығу
Семантикалық картаны толтырыңыз.
№ | Мысалдар | Омоним | Синоним | Антоним |
1 | Жуас, асау | |||
2 | Бау- бақша | |||
3 | Қара | |||
4 | Су жүрек,жүрек жұтқан | |||
5 | Қайғы- мұң | |||
6 | Ара | |||
7 | Арық, семіз | |||
8 | Есті, ақылды | |||
9 | Сабыр,шыдам | |||
10 | Үй | |||
11 | Шаш,жақ | |||
12 | Ойыс,дөңес | |||
13 | Жақсылық,жамандық | |||
14 | Түс | |||
15 | Ар -ұят |
7 - жаттығу
Мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып көшіріп жазыңдар, антонимдердің асытын сызыңдар.
1. ... сөз жылатады,
Жақсы сөз ...
2. Жіптің ұзыны, сөздің ... жақсы.
3. Дос ... айтады,
... күлдіріп айтады.
4. Ұсталы ел озар,
Ұстасыз ел ...
5. Көз ... , қол батыр.
6. .... сөз күміс,
Аз сөз ...
7.Қыс азығын ... жина.
8.Ақыл - дос, ашу - ...
1. Атауыш сөздер дегеніміз не?
2. Сөйлемде белгілі бір мағына білдіре алмайтын, тек басқа жетегінде жұмсалатын сөздер қалай аталады?
а) қосарлама қос сөз в) тіркескен сөз с) көмекші сөз д)туынды сөз е)қысқарған сөз
3. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»- деген сөйлемдегі көмекші сөзді тап.
а) жазбаймын в)мен с) үшін д)ермек е)өлеңді
4. Одағай сөздер дегеніміз не?