Мемлекет тағдыры - келешек ұрпақ қолында.
Мен қазіргі 25-40 жас аралығындағы азаматтардың бойынан алға ұмтылушылық жаңа бір лепті сеземін. Жастар санасында әлеуметтік эксперимент жүріп жатқан сияқты. Осылар өсе келе ел үмітін ақтайтынына сенім зор. Ал, енді 13 пен 25 жас аралығындағы жастарға тоқталар болсақ, бұларда бұрқыраған қуат бар. Бірақ, сол қуат қайда кетіп қалады, біздегі үрей мен үміт осы жағында болып отыр. Бұлардың бойында сапа да, білім де,, сонымен қатар жаман қылықтар да болады. Соның қайсысы шешуші күшке айналып кетеді? Міне, осы мәселе мені қатты толғандырады. Өйткені, бұл толқын ертеңгі күні Қазақстанның көп жағдайын шешіп, келер буынға үлгі болмақ.
Ал, енді ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында туған ұрпақ туралы менің пікірім мүлдем басқа. Бұлар прагматистер болады. Бұлардың бойында бізде бар үрейлер, қобалжулар, біреуге бас ию деген мәселелерден гөрі өздерін көрсеткісі келетін сана басым тұрады. Соларға біздер аға ұрпақ не қалдырамыз? Олар біздің көп мәселелерімізді тексеріп шығады, экспертиза жасайды, айтқандарымызды, іс-әрекеттерімізді қарастырады.
ұмтылу – идти вперед
жастар- молодежь
сана- сознание
әлеуметтік - социальный
үміт- надежда
ақтау- оправдать
сенім- доверие
Қуат- сила
үрей - испуг
сапа -качество
білім -знание
жаман - плохо
1- жаттығу.
Мәтінді оқып түсініктеріңізді айтыңдар.
2- жаттығу.
Мәтіннен одағай сөздерді тауып, қандай мақсатта қолданылып тұрғанын дәлелдеңдер.
Әнші Әйгерім
Иіс кемпірден бастап барлық қартаң әйелдер:
-Айналайын, келінжан, өркенің өссін!
-Беу, дүние-ай, ән дегенің осындай-ақ болар!
-Осы әніңмен, осы сәніңмен өт жалғаннан!-десті.
Соңғы алғысты Иіс айтып еді. Абай едең етіп, Иіске қарады да:
-Апырмай, мына Иіс шешемнің алғысы қандай жақсы еді! Әмин деші, Әйгерім, осыған!- деді.
3 - жаттығу