2 - жаттығу.
Көшіріп жазып, көмекші сөздердің астын сызыңдар, олардың неліктен көмекші сөз делінетінін айтыңдар.
1.Мен Қаныш ағамен сирек болса да, кездесіп тұрдым.Кейде далаға тігілген шатырларда қона жатып сөйлесіп жүрдім. Мол кеуделі, биік еңселі, бойшаң адамның ашық жүзіндегі мейрімділік пен ойлылық бір түрлі әсем еді. Асықпай сөйлейтін, шаншусыз, қаңқусыз сөздерді қолдануға тырысады.
2.Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім.
Білімдіні сүйерін білем елдің.
3-жаттығу
Көмекші сөздерге сөйлем құраңыз
Сырты, іші, алды, арты, жаны, үсті, қасы,маңы
4-жаттығу
Көмекші сөздерді теріп жазыңыз
Биыл жайлауда болдым және ауылдағы ағаларымның үйіне бардым. Оның даусы жақсы, бірақ ән айтуды жақтырмайды. Қорадан мал ұрланыпты, сол үшін Базарбайды қатты соққыға жықты.
5-жаттығу
Мысалдар | Түбір | Жұрнақ | Жалғау |
мен | |||
-ға | |||
ұста | |||
-шы | |||
-ған | |||
-мен | |||
-па | |||
-хана |
6-жаттығу
Тұрақты тіркестердің мағынасын тауып, көшіріп жазыңдар.
Кірпік қақпау | |
Аузынан салбырап түскендей | |
Жалғанды жалпағынан басу | |
Қырғи қабақ болу | |
Үріп ауызға салғандай | |
Тайға таңба басқандай | |
Жұмыртқадан жүн қырыққан | |
Көзі алақандай болу | |
Көзге сүйел болды | |
Көкірегі қарс айырылу |
7-жаттығу