Сабақтың тақырыбы: Атауыш сөздер. Мені қоршаған орта.
Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.
Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
- Тіл білімінің салаларын меңгерту;
- Атауыш сөздер және оның сөйлемдегі қызметі туралы тісінік беру;
-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;
-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;
-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;
Дамытушылық:
-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;
-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;
-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;
- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;
Тәрбиелік:
- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу
- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;
- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;
- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.
Сабақ уақыты: 90 минут
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.
4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.
5. Сабақты қорытындылау 5 мин.
6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.
Теориялық білімнің қажеттілігі:
Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).
Сабақтың қорытындысы:
Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.
Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:
· Өткен тақырып бойынша бағалау;
· Жақсы жауаптарды ескеру;
· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;
· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;
· Қорытынды баға қою
Үйге тапсырма беру:
Мені қоршаған орта мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу. Кітаптардан, газет-журналдардан сөйлемдер алып, олардың әрбір сөзінің мағынасын ашу.
Атауыш сөздер.
Сөйлемде қолданылған сөздердің мағыналары бірдей бола бермейді. Сөздердің көпшілігі белгілі бір ұғымның атауы болады да, жеке тұрғанда белгілі бір лексикалық мағынаны білдіреді. Ал кейбір сөздер жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды, сөйлемде басқа бір сөздің жетегінде қолданылып, сол сөздің мағынасын толықтырып, күшейтіп тұрады немесе сөздерді бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарады. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (Абай). Бұл сөйлемдегі бес сөздің төртеуі жеке тұрып белгілі бір мағынаны білдіреді:
Мен-айтушы адам;
Жазбаймын-қағаз бетіне түсіру немесе түсірмеу;
Өлеңді- белгілі бір ұйқаспен айтылатын сөз;
Ермек- уақыт өткізу үшін жасалатын әрекет.
Сөйлемде белгілі бір мағынаны білдіретін, белгілі бір ұғымның атауы болып табылатын сөздерді атауыш сөздер деп аталады. Атауыш сөздерөз бетімен белгілі бір мағынаны білдіретіндіктен, белгілі бір сұраққа жауап бере алады, сондықтан сөйлем ішінде оның белгілі бір мүшесі бола алады.
Мені қоршаған орта.
Біздің жеріміз мейлінше жомарт. Оның шалқыған кең даласын, орман- тоғайлары, тау –қыраттары табиғи өсімдіктерге бай. Көз жетпес байтақ өлкеміз неше түрлі пайдалы өсімдіктерге тұнып тұр. Алқаптарда, өзендер мен бұлақтардың жағасында таңқурай, тошала, итмұрын, мойылдар және де басқа өсімдіктер. Өсімдік ауаны тазартады. Ол оттегін бөліп, көмірқышқыл газын жұтады.
Құстардың сайрауы, бұлақтың сылдыры адам денсаулығына оң әсер етеді.
Қазіргі кезде адамның шаруашылық әрекеті қоршаған ортаны ластаудың басты көзіне айналып отыр.
Табиғи ортаға айналаны ластайтын сұйық, қатты және газ тәрізді заттар көптеп түсіп жатыр. Өндіріс қалдықтары, машиналардан шыққан газдар су қоймаларын, тоғандарды, топырақ пен атмосфераны ластайды. Осының бәрі тірі организмге, әсіресе адам денсаулығына теріс әсер етеді.Бұдан адам әртүрлі ауруларға шалдығып, өзінің қорғаныш қасиеттерінен айырылады.
Ауаны тазарту үшін терек, үйеңкі, қызыл тал, жөке емен, қайың сияқты ағаштарды еккен пайдалы. Әрбір адам көкжелекке қамқорлық жасап, табиғатты аялап отыруы тиіс. Қоршаған ортаны тұрмыстық қалдықтармен ластауға болмайды.
Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы
үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан - 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған. Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған. Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды. 50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең ірі орманды аумақтар – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелді. Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі. Барлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су ағысы біркелкі мөлшерде реттеліп отырады.Қазақстандағы орманның жалпы көлемі «Қазорман» шаруашылығының мәліметі бойынша 1998 жылы 24568,4 мың гектар болды.Соңғы жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды күтіп ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық бағының ерекше қорғалатын аумағының 12,1 гектары өртеніп кеткен.Бақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман аурулары көбейіп барады.
жомарт-добрый
кең дала-степь
орман- лес
тау –гора
табиғи –природный
өсімдіктер-растения
тазартады-чистят
оттегі-кислород
көмірқышқыл газы-углеродный газ
1- жаттығу.
Мәтінді оқып түсініктеріңізді айтыңдар.
2- жаттығу.
Сөйлемдерді оқып шығып, құрамындағы атауыш сөздер мен көмекші сөздерді ажыратыңдар.
Қырық үшінші жылдың бірінші түнінен бастап, дәл осы демалысымызға дейін әр кезде шабуылдың алдында келдік. Шегінген кезде артта болсақ, шабуыл кезінде ылғи алдамыз. Жаяу да жүрдік, машинаға да міндік, танкіге де міндік, тіпті жау танкісіне де міндік.
3- жаттығу.
Мәтінді оқи отырып, қарамен жазылған сөздердің атауыш сөз екендігін үлгідегідей етіп дәлелдеңдер.
Үлгі: Қазыбектің- кімнің? Деген сұраққа жауап береді, толық мағыналы сөз, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады-өнердің кімдікі екендігін анықтап тұр. Олай болса, бұл сөз-атауыш сөз.
Қазыбектің қисса айтудан басқа да өнері көп. Ол ең алдымен, екі аяқты пендеге жеткізбейтін жүйрік. Оның денесі иіліп, бүгілгенде сымдай бұратылады. Тік қойған бақанға мысықтай өрмелеп шығады. Екі сырықты аяқ қып жүргенде, аяқты кісіге жеткізбейді. Суға малтуы да, сүңгігіштігі де үйрек сияқты. Оның қарғыған жерінен ешкім қарғи алмайды. Ол цирктің артистерінен кем емес.
4-жаттығу