Сөзжасам саласы бойынша тест сұрақтары

1.Екі түбірдің қосарлануынан қандай сөз тобы пайда болады?

а) қосарлама қос сөз в) қысқарған сөз с) тіркескен сөз д) туынды сөз е) жай сөз

2. Тәрбие туралы 5 мақал жаз.

3. Қысқарған сөз дегеніміз не?

4. Жастық шақты қалай түсінесің, өз ойыңды жаз.

 

5. Екі немесе оданда көп сөздердің тіркесуінен қандай сөздер пайда болады?

а) қосарлама қос сөз в) тіркескен сөз с) қысқарған сөз д)туынды сөз е) жай сөз

6.Қосымшасыз түбірдің қайталануынан жасалған қос сөзді көрсетіңіз.

а) орынды- орынсыз в)айтып- айтпай с)бет-бетімен д)қора -қора

е)ауызба- ауыз

7 «әлдеқалай»-құрамына қарай қандай сөз, белгілеңіз.

а) дара сөз в)қос сөз с)тұрақты тіркес д)қысқарған сөз е)біріккен сөз

8.Кейінгі кезде қалыптасқан қосарлама қос сөзді көрсетіңіз.

а) жүн- жұрқа в)көйлек- көншек с)кәрі- жас д)үгіт- насихат е)бала- шаға

9.Тіркесті сөздердің қалай жазылатындығын анықтаңыз.

а)бірге жазылады в)дефис арқылы жазылады с)бөлек жазылады д)дәнекер арқылы жазылады е)дыбыстық өзгеріске ұшырап бірігіп жазылады

10. «Кейде» мағынасын білдіретін қосарлама қос сөзді табыңыз.

а) оқта- текте в)некен- саяқ с)алым- берім д)айыл-тұрман е)ел- жұрт

11.Дара сөзді табыңыз.

а) ер- тұрман в)өнімділік с)өнеркәсіп д)үлкен -кіші е)Қарасаз

12.Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған сөзді белгілеңіз.

а) өн( діргіш) в)жел(тоқсан) с)Арманның(ауылы) д)алты(бақан) е)жан(жануар)

13. «ҚазМҰУ»- сөзі қай қатарға жататынын анықтаңыз.

а)жалпы сөз в)дара сөз с)дерексіз сөз д)туынды сөз е)күрделі сөз

14.Қос сөздің нешеге бөлінетінін анықтаңыз.

а)1 в)5 с)3 д)4 е)2

15.Ойын атауына байланысты біріккен сөзді кқрсетіңіз.

а) бұзаубас в)қосаяқ с)соқыртеке д)алтатар е)қазтабан