1 - жаттығу.

Мәтінді оқып түсініктеріңізді айтыңдар.

2 - жаттығу

Араластырыла берілген түбір сөздерден біріккен сөз жасаңдар.

Үлгі:ақсақал,...

Ақ,соқыр,тоғыз,ақ,қара,айыр,сақал,құмалақ,сүйек,теке,торғай,бас,әр,әлде,кей,бір,қайсы,кім,кезде,деме,келкі.

 

3 - жаттығу

Берілген сөздердің мағыналарын анықтап,олардың қалай жасалғанын және емлесін айтыңдар.

Қолма-қол,жап-жақсы,алуан-алуан,ата-ана,жоғары-төмен,бала-шаға,ат-мат,шай-пай,төрт-бес,жеңіл-желпі,емін-еркін,ұшан-теңіз,ың-шың,қысы-жазы,тап-таза,бара-бара,оңды-солды,жақсы-жаман,төсек-орын,ыдыс-аяқ.

4 - жаттығу

Сөйлемдердегі қос сөздердің арасына дефис қойып көшіріңдер.

1.Қазы қарта,жал жая қазанда бұрқ-бұрқ қайнайды.Оқ дәрімен,азық түлікпен,киім кешекпен қамтамасыз ету ауыр қиындықтыр арқылы жүзеге асты.

2.Көші қоң тағы да тауға бет алды.Өзен бойлай үйір-үйір жылқы,отар отар қой,мөңіреген сиырлар кетіп барады.Жүк тиеген керуен.Адамдардың айқайы,кісінеген құлын тай,маңыраған қой қозы,бақылдаған бота түйе у да шу.Қызыл жасыл киінген қыз келіншек ән шырқайды.

5-жаттығу

Тіркес сөздерді дұрыс жазыңыз

Кер қара, өңді бидай, бойлы ұзын, бес он, отыр келіп, бойы күні, жаздай ала, сағат алтын, жол тас.

6-жаттығу

Сөйлемдерді оқып шығып күрделі сөздерді теріп жаз.

Игілік Қызылжардан бұл жолы да рендіп қайтты. Үш ақжал күрең жеккен пәуескемен келе жатса да, көңілі көтерілер емес. Қараөткел базары да көңілін көтере алған жоқ. Өзін-өзі асқан баймын деп ойлаушы еді, Ушаковтың байлығымен салыстырғанда түк емес екен.

 

7-жаттығу

Берілген сөздерден күрделі сөз құрап жазыңдар.

Көк, боз, соқыр, ала, тоқпан, тоң, су, тоғай, өкпе,ішек, жылан, жөтел, жілік

8-жаттығу

Мәтіннен тұрақты тіркестерді тауып, олардың мағынасын анықтаңдар.

Серәлі көз ілеспес жылдамдықпен Ерденнің оң аяғынан шалып қалды. Ерден кескен теректей жалп ете түсті. Серәлі оның басынан аттап күш алып кетті. Күресте жеңгеннің бас бәйгесі бір ат еді.