4-жаттығуБерілген сөздерді қысқартып жазыңыз

Кеңестік шаруашылық, физика-математика, ұжымдық-шаруашылық, килограмм.

5-жаттығу

Сөйлемдердегі қысқарған сөздерді теріп жаз.

Біздің мектептің мұғалімі Ақтай Нұрышұлы ағай- облмәслихатының депутаты. Біздің сыныптың сабақ үлгерімі мен тәртібі педкеңесте жақсы бағаланды. Дәуреннің ағасы педколледжде оқиды.

6-жаттығу

Төмендегі қысқарған сөздердің толық мәнін біліп, қосымша жалғап сөйлем құраңдар.

БХР, ВДР, АҚШ, КХДР ЙХДР, ҚШТЖ, ҰҒА.

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Тіркесті сөздер. Сан қырлы талант.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Күрделі сөздер және оның бір түрі тіркесті сөздер туралы түсіндіру;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

 

Тәрбиелік:

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу

- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

 

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

 

 

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

 

Үйге тапсырма беру:

Сан қырлы талант мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу. Тіркесті сөздері бар сөйлемдер жазу.

 

 

 

Тіркесті сөздер.

 

Екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуі арқылы бір ұғымды білдіретін сөздерді тіркесті сөздер деп атайды.Мағынасы жағынан тұтастық қасиетке ие бұл сөздер бір- бірінен бөлек жазылады. Мысалы: балақ бау, қара ала, қара шұбар, сары май т.б.

Тіркесті сөздердің құрамы

1. Күрделі зат есімдерден: ауыл шаруашылығы, Сәтбаев көшесі, кәрі жілік, суық торғай т.б.

2. Күрделі сын есімдерден: қоңыр ала, қара көк, ақ сұр, торы төбел т.б.