Жастық шақ.

 

Адам баласы тіршілік кезеңінде төрт түрлі шақтан өтеді. Олар: балалық, жастық, ересек және қарттық кезеңдер.Әр шақтың өз ерекшелігі болады.

Соның ішіндегі ең қызулысы –жастық шақ. Бұл шақты да өз ішінде үш кезеңге бөлуге болады.

Алғашқысы-балауса кез, мұны мектептің жоғарғы сыныбындағы жастарға беруге болады. Осы кездегі жаста аңқаулық, аңғалдық, сенгіштік және сезімталдық басым келеді. Алғашқы махаббат қызуын да осы сәтте бастан кешіруі мүмкін.

Ортаңғысы балдаурен кез.Бұл- жастық шақтың есею сәті. Мамандық таңдап, әрі оны білім арқылы жетілдіретін, өмірге жолдама алатын, әскерге барып, Отан алдында борышын ақтайтын,еңбекке төселіп, алғаш табыс табатын т.б. жоспарлы жұмысты еркін іске асыратын қайсар шақ. Студенттік өмірдің ең қызулы кезі де осы уақытта бастан өтеді. Өмірді, махаббатты танып білу осы жастар үлесіне тиеді.

Жастық шақтың үшінші кезеңі- бақытты шақ. Аты айтып тұрғандай тіршіліктің қалған кезеңін бірге өткізетін, ұрпақ өсіріп, әулетті жалғастыратын, адал махаббаттың көрінісі- үйлену, тұрмысқа шығу сәті.

Жұбайлардың үйлену тойында беташар жасалып, ақ тілектердің тиегі ағытылады. Той дастарханы жасалып, ұлттық дәстүрлер көрсетіледі.

Әркімнің жастық шағы тағдырға, тұрмысқа, жағдайға, т.б. байланысты әртүрлі өтуі ықтимал. Десе де жастық шақтың ортақ қасиеті сол- жастық жалын,жастық жігір,жастық қуат пен жасқа тән көркемдік.

 

 

 

1 - жаттығу.

Мәтінді оқып түсініктеріңізді айтыңдар.

2 - жаттығу.

Қысқарған сөздерге қосымша жалғап,сөз тіркесі мен сөйлемдер құраңдар

Үлгі:Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның (Ұлттық ғылым академиясы) жылдық жалпы жиналысы болады.

ҚР ҰҒА,ГАЗ-69,ИЛ-62,АҚШ,МТС,колхоз,совхоз,БҰҰ,мм,км,пединститут.

3 - жаттығу

Төмендегі қысқарған сөздерді қатыстырып,бірнеше сөйлем құрап айтыңдар.Қысқарған сөздердің толық атауын жазыңдар.

Үлгі:см-сантиметр,...

См,км,кг,л,т,пединститут,педколледж,ҚарМУ,колхоз,медпункт,ҚХР,ТУ-104.