Күрделі сөздердің қысқартылу жолдары
1. Күрделі сөз құрамындағы бас әріптер алынады: ҚХР (Қытай Халық Республикасы), ҚРҰҒА ( Қазақстан Республикасы Ұлттық ҒылымАкадемиясы) т.б. Қысқарған сөздер құрамындағы атаулардың алғашқы әріптері бас әріппен алынып, сөзге қосылған қосымша соңғы дыбыстың айтылу әуеніне қарай дефис (-) арқылы жалғанады: БҰҰ-ның құрамына ҚР да мүше.
2. Алғашқы сөздердің бірінші буыны мен кейінгі сөздердің бас әріптері алынады: АлМУ (Алматы Мемлекттік Университеті) т.б. Қосымша соңғы дыбыстың ыңғайына қарай дефиспен (-) қосылады: Гүлжан АлМУ-ға оқуға түсті.
3. Күрделі атаулардың құрамындағы әрбір сөздің басқы буындары қысқартылады: колхоз, совхоз.
4. Күрделі атаулардың құрамындағы алғашқы сөздердің бастапқы буыны және соңғы сөз толығымен жазылады: пединститут,медколледж т.б. Бұндай қысқартылымдар қосылып жазылады, қосымша екінші сөздің соңғы буынының ыңғайына қарай қосылады: пединститут+қа т.б.
5. Түрлі техника белгілерін көрсету үшін алынған атаулар қысқартылып беріледі: ЯК-40, ИЛ-18, ГАЗ-53, АН-2 т.б.
6. Тілде көптеген өлшем атауларының да қысқартылып жазылуы қалыптасқан: кг, см, км, г, т, га. Қысқартылған сөздердің тілде көрсетілген қалпында жазылуы дәстүрге айналған. Бұлардың ерекшелігі сөйлем ішінде, сөз тіркесінде кіші әріппен жазылып, қосымша дефис(-) арқылы жалғанады: Екі ауылдың арасы 50км-ден асады.