Мәтінді оқып түсініктеріңізді айтыңдар.

2- жаттығу.

Қос сөздердің мағыналарын айқындап, жасалу жолына қарай топ-топқа бөліп жазыңдар.

Алпыс-жетпіс, тату-тәтті, құда-жекжат, ел-жұрт, ағайын-туған, сый-құрмет, апақ-сапақ, апай-топай, апыл-ғұпыл, апас-қапас, әуре-сарсаң, әлек-шәлек, алақ-жұлақ, сүйек-саяқ, аралас-құралас, апалаң-топалаң,аңғал-саңғал, оқта-текте, қант-шай, сегіз-тоғыз, келін-кепшік.

3 -жаттығу.

Берілген қос сөздерді пайдаланып,сөз тіркесін жасаңдар.

Үлгі:ойын-тойдың сәні,...

Ойын-той,оқ-дәрі,оқу тәрбие,ән-күй,аяқ-қолы,бас-аяғы,артық-кем,азды-көпті,ат-арба,көші-қон,үлкен-кіші,талап-тілек,ойлы-қырлы,дабыр-дүбір,балдыр-бұлдыр,үш-төрт.

4-жаттығу

Қос сөздерге сөйлем құраңыз

Азды-көпті, үлкен-үлкен, бала-шаға, ес-түс, ашу-ыза, әрі-бері, емін-еркін

5-жаттығу

Қосарлама қос сөзді сыңарлары болып келетін сөзді тап?

Сымбат маған кеше ащу-ыза мен қатты қапа болып кетті,және де ертесіне дос болдық,ол менің үйіме қонды,ал азан да анам екеумізді дүкенге бір зат алып келіндерші деп жіберген еді.Ал біз дүкенде әрі-бері іздеп таппай келдік,енді барғанымыз да дүкенді жақсылап оңды-солды біліп алуымыз керке себебі дүкен өте үлкен екен.

 

 

6-жаттығу

Қосарлама қос сөздерді тауып,қай жолда тұрғанын тап?

Үлкенді-кішілі,кіп-кішкене,жатса-тұрса,көрші-қолаң,анда-санда,үй-үйге,тарс-тұрс,қарғап-сілеп,жым-жалас,абысын-атын.

7-жаттығу

Қосарлама қос сөздердің ішінен бір сыңары мағыналы,бір сыңары мағынасыз болып келетін сөздерді тауып біріктіріп,сөйлем құра.

 

Ес көншек

Көйлек текте

Анда түс

Оқта шаға

Бала қолаң

Көрші санда

Ілгері кейін

Емін еркін

8-жаттығу

Қосарлама қос сөздердің екі сыңары да мағынасыз болып келетін сөзді тап?

Әрі-бері, емін-еркін, ту-талақай, анда-санда, ыдыс-аяқ, оқта-текте, қым-қуыт, төсек-орын, саяси-әлеуметтік, ығы-жығы.

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қысқарған сөздер. Жастық шақ.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Қысқарған сөздер және оның жасалу жолдары туралы тісінік беру;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

 

Тәрбиелік:

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу

- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

 

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру.

 

 

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

 

Жастық шақ мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу.Қысқарған сөз және олардың түрлерін қатыстыра отырып сөйлем құрастыру.

 

Қысқарған сөздер.

 

Сөздердің бірқатары қысқартылып, ықшамдалып та жасалады. Қысқарған сөздер мемлекет, мекеме, ұйым, термин тіркестерінен құралған күрделі сөздердің, атаулардың қысқартылып қолданылуынан болады. Мысалы: ТМД ( Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы), ҚазМҰУ (Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университеті) т.б.