Қосарлама қос сөздер.

Екі түбірдің қосарланып келіп жасалуы қосарлама қос сөздер тобын құрайды.

Қосарлама қос сөздердің жасалу жолдары

1. Қосарлама қос сөздердің құрамындағы сөздердің мағыналары көбіне бір-біріне синонимдес немесе антонимдес болып келеді: тұрған-өскен, алды-арты, қарғап-сілеп, ертелі-кеш, астан-кестен, тоқты-торым т.б.

2. Бір сыңарының мағынасы қазіргі қазақ тілінде анық, екінші сыңарының мағынасын лексикалық тарихын зерттеу негізінде ғана анықтауға келетін сөздерден болады: келін-кепшек, абысын-ажын,жоқ-жітік,көрші-қолаң т.б. Бұл сөздердің екінші сыңарының мағыналары-тілдің белгілі бір кезеңдерінде дербестігі болған сөздер. Оған дәлел- көбі қазақ тілімен туыстас көптеген түркі тілдерінде (өзбек,қырғыз, қарақалпақ, түркімен, ұйғыр, чуваш) қазіргі қалпында толық мағынаға ие түбірлер.

3. Екі сыңарының да мағынасы қазіргі тілде күңгірт сөздерден құралады: анда- санда, ың-жың, оқтын- оқтын,жым-жылас т.б.

Қос сөздердің құрамындағы сөздер бір ғана сөз табына қатысты болады. Құрамында көбіне-көп біркелкілік тән. Қос сөздер сөздерді қайталау, қосарлау арқылы жинақтау, болжалдау,мөлшерлеу,топшылау сияқты ұғымдарды береді. Қосарлама қос сөздердің құрамындағы түбірлерді бөліп, сөйлемнің біріңғай мүшесі ретінде жұмсауға да болады.: Әке-шешесі білім алуын қалады немесе Әкесі мен шешесі білім алуын қалады.

Қос сөздер дефис арқылы жазылады. Сөз тіркесінде, сөйлемде қосымша қос сөздердің екінші сыңарына жалғанады. Мысалы: ақ-қараны ажырату. Бұл сөз тіркесінде біртұтас ұғымды білдіретін ақ-қара сөзінің екінші сыңарына жалғанған –ны- табыс септік жалғауы екеуіне де ортақ.

 

Ұлттық педагогика.

 

Қазақ халқының балажан екенін бұрын да сөз еткенбіз. Жиған бар дүниесін бала жолына арнаған халық оның тәрбиесін басты орынға қойған. «Тәрбие

 

басы бесіктен»,-деп тегін айтпаған. Тәрбие құралына негізінен тілді дұрыс пайдаланған. Мысалы: мақал-мәтелдер, нақыл-ақыл сөздерді жастайынан санасына жеткізе, тыйым сөздер арқылы жағымсыз ниеттерден аулақтатып отырған. Тәрбиенің басты ошағы- отбасы, мұнда әулеттің қасиетті іс-әрекеттері саналған.

Тәрбие саласында төмендегі қағидаларды баланың санасына жастай жеткізген. Бұған жалғыз өз отбасы ғана емес, ауыл-аймақ түгелдей тәрбие ұрығын сепкен. Әсіресе үлкендердің көмегі көп болған.

Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе.

Үлкен кісілерді, әйелді көлікке қолтықтан демеп мінгізу және көліктен қолынан ұстап түсіру оңды.

Үйге кісі келсе, жайдарлы қарсы ал, киімін іл, төрге шығар.

Байлық құрмет, бақыт іздегенге ақыл керек.

Әркімнің ішкі нұр сәулесінің үш аты бар: ол еңбекқорлық, жақсылық, кішіпейілділік.

Ақыл, ой, білім- әр адамның сәулеті.

Оқу- білім азығы.

Білім- ырысы қазығы.

Қыз-ұлдың, ұл-қыздың киімін кимесін.

Кісінің айыбын бетіне баспа.

Көп сөйлеме.

Үлкеннің бетінен алма.

Халық тәрбие жұмысына діни тәрбиені де пайдаланып, жастарды имандылыққа, тазалыққа, достыққа, пәктікке тәрбиелеген.

 

 

тәрбие- воспитание

қағида-правила

жалғыз- одиноки

түгелдей- во всю

әсіресе- в основном

үлкендер- взрослые

көмек- помощь

 

 

1- жаттығу.