Қайталама қос сөздерді тап?

Мен халыққа әйгілі шаншар театрын өте қатты-қатты жақсы көрем,оны көре-көре бергім келеді. Әзіл театрында жастар және үлкен-үлкен ағаларымыз өзі-өзінен әзіл құрап барлығының ойын ортаға шығарып әзіл кеш құрады. Оны халық өте жоғары бағалайды.

8-жаттығу

Мына сөздердің ішінен,қайталама қос сөзді тауып,бір-бірі мен біріктіріп сөйлем құра?

Тау көз

Ыдыс ауылда

Көзбен аяқ

Ауыл тау

Төсек еркін

Қысы ащы

Ап қолына

Емін орын

Қолды жазы

9-жаттығу

Қайталама қос сөзді тауып,ішіндегі қай жасалу жолдарына жататынын тап?

Тіркен-тіркен,бала-шаға,әрі-бері,орынды-орынсыз,бір-біріне,тәлім-тәрбие,ғылыми-көпшілік,ауыл-ауылды,зәре-құт.

Сабақтың тақырыбы: Қосарлама қос сөздер. Ұлттық педагогика.

Сабақтың түрі: теориялық, жаңа сабақты меңгеру.

Сабақты өткізу әдісі: Сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс істеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

- Тіл білімінің салаларын меңгерту;

- Қос сөздің бір түрі қосарлама қос сөз туралы нақтылай тісіндіру;

-Студенттерге ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

-Тілге құрметін, сүйіспеншілігін арттыру;

-Тіл арқылы халықтар достығын насихаттау, сөздікпен жұмыс жасау;

Дамытушылық:

-Студенттерге курстың міндеттерін түсіндіру;

-Тұрмыстық, қоғамдық саяси, оқу-мамандық, ғылыми мәселелерде ана тілінде сөйлеу білуге қажет екендігін түсіндіру;

-Орыс тілі мен қазақ тілінің негізі айырмашылықтарын;

- Әліпби мен сөйлем құрастыру ерекшеліктері туралы мағлұмат беру;

 

Тәрбиелік:

- Студенттерді әдептілікке тәрбиелеу

- Мемлекеттік тілге деген құрметін нығайту;

- Білімгерлердің өз мамандықтарын сүюге тәрбиелеу;

- Ана тілінің қадір- қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

 

Сабақ уақыты: 90 минут

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

2. Үй тапсырмасын сұрау 20 мин.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру 40 мин.

4. Жаңа тақырыпты бекіту 15 мин.

5. Сабақты қорытындылау 5 мин.

6. Үй тапсырмасын беру 5 мин.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылардың сыртқы келбеттеріне көңіл аудару. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарының бары-жоғын тексеру. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және

жоспарымен таныстыру.

 

 

 

Теориялық білімнің қажеттілігі:

Оқытушы бақылау сұрақтарын қою арқылы оқушылардың біліміне тексеру жүргізу.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқытушы оқушыларға берілген жаңа тақырыпты түсіндіреді.(тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар).

Сабақтың қорытындысы:

Оқытушы сабақты толығымен жүйелейді, әрбір оқушының жұмысын бағалай отырып, олардың жетістігі мен кемшіліктерін ескереді. Олардың сабақты меңгергенін сұрақ-жауап арқылы анықтайды.

Оқытушы төмендегідей критерийлер бойынша оқушылардың жасалған жұмыстарына баға қояды:

· Өткен тақырып бойынша бағалау;

· Жақсы жауаптарды ескеру;

· Жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту және қорытындылау;

· Тақырып бойынша жаттығулардың орындалуын тексеру;

· Қорытынды баға қою

Үйге тапсырма беру:

 

Ұлттық педогогика мәтіні бойынша түсініктерін айту. Грамматикалық тақырыпты оқып келу. Қосарлама қос сөздерді қатыстыра отырып сөйлем құрастыру.