Берілген мәтінді оқып түсінігін айту.
2 жаттығу.
Төмендегі қайталама қос сөздермен мағыналық жағынан байланысатын сөздерді тауып, сөз тіркесі етіп жазыңдар.
Үлгі: жақын-жақын ағайындар,..
Жақын-жақын, алуан-алуан, ауызба-ауыз, әрең-әрең, әп-әдемі, үйді-үйіне, орынды-орынсыз, қора-қора, мая-мая, сыбыр-сыбыр, бас-басына, тұс-тұсына, бума-бума.
3 жаттығу.
Қос сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
Үлгі: Балалар қатар-қатар тұрды.
Қатар-қатар, жөн-жөніне, бет-бетімен, ауызба-ауыз, түп-түгел, еміс-еміс, дүркін-дүркін, күннен-күнге, бірте-бірте, екеу-екеуден, жап-жақын, жап-жасыл, жарқ-жұрқ, биік-биік.
4-жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз
Көре - ....., көзбе - ......., қора - ......, сөйлей - ......., алба - ......, көйлек - ......, бала - ......, зәре - ....., әрі - ....., мінез - ......., қазан - ........, уайым - .....,
5-жаттығу
Түбірдің бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалатын қайталама қос сөзді тап?
1)Менің дүйсенбі күні сабақа келмеген себебім аялдамада автобусты күтіп қалт-құлт етіп жаурап ,ертесіне қатты ауырып қалдым.
2)Айт күні, үйге атам апам келіп қалды, ал анам сатыр-сұтыр етіп түрлі дәмді тағамдар даярлады.
6-жаттығу
Бір түбірдің қосымшасыз түрде қайталануынан жасалатын қайталама қос сөзді тап?
Біз отбасымызбен демалыс күні шаңғы тебуге биік-биік таулар жақа бардық, үстіміз су-су болып қайттық.
7-жаттығу