Қос сөздер. Қайталама қос сөздер.

 

Екі түбірдің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздер қос сөздер деп аталады. Мысалы: ауыл- аймақ, айта- айта, ұсақ- ұсақ, көзбе- көз т.б.

Қос сөздер қайталама және қосарлама қос сөздер деп бөлінеді.

Қос сөздердің жасалу жолдары

1. Бір сөздің ешқандай өзгеріссіз қайталануынан: қора-қора, бара-бара, айта-айта, жазып- жазып т.б.

2. Буындардың қосылуынан: ап-ащы, кіп-кішкене, тіп-тік т.б.

3. Бір дыбыстың өзгеруінен: ет-мет, кемпір-семпір, тарс-тұрс, кісі-місі т.б.

4. Мағынасы жағынан жақын сөздерден немесе мағынасы қарама-қарсылықты білдіретін сөздерден: аспай- саспай, азды-көпті, жатса-тұрса, талан-тараж т.б.

Қайталама қос сөздер. Бір түбірдің қайталана айтылуынан жасалған қос сөздердің түрін қайталама қос сөз дейді.

 

Қайталама қос сөздердің жасалу жолдары

1. Қосымшалы, қосымшасыз түбірдің өзгеріссіз қайталануы: өркеш-өркеш, ұзын-ұзын, сай-сай, келе-келе т.б.

2. Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз түбірлердің қайталануынан: үй-үйге, қолма-қол, бес-бестен, сөзбе-сөз т.б.

3. Алғашқы сыңары өз қалпын сақтап, екінші сыңарының алғашқы дыбысы өзгеруінен: жігіт-мігіт, ет-мет, май-пай т.б.

4. Еліктеу сөздердің қосарлануынан: арс-ұрс, тарс-тұрс, сарт-сұрт т.б.

5. Түбірдің алдынан күшейткіш буын қосылу арқылы: жап-жақсы, ап-анық, қып-қызыл т.б.

Туыстық атаулар.

 

Ата-әкесінің әкесі,ел-жұрт “ақсақал” деп құрмет көрсетіледі.Оның жолын кесіп өтуге болмайды. “Ауылында қарты болса жазып қойған хатпен тең” дегендей ата-ел ұйытқысы,батагөйі,ақылшысы,қамқоры болып есептеледі.

Әже-әкенің шешесі.Ел іші,от басының бүтіндігін ойлайтын-ел анасы.Ол салт-

дәстүрді сақтап,кейінгі жастарға от басының дастархан берекесінің,абасындардың бірлігін сақтайтын тәрбиеші,әрі ақылгөйі,тілеуқоры деп есептеледі.

Бала-ата-анадан тараған ұрпақтар бала яғни “Ұл”, “қыз” деп аталады. “балалы үй-базар, баласыз үй қу мазар”деген халқымыз.

Ұл -шаңырақтың иесі,ұрпақ жалғасы деп есептеледі.

Қыз-бір рудың ұзатылған қаза.Жас,кәрілігіне қарамастан сол елдің адамдары,туыс-тұғандары оны “қыз” деп атап дәріптейді.Үлкендер оны “Қызымыз” деп,кішілер “апай” деп ерекше сыйлауға,сәлем беруге тиіс.

Немере-ұлдың баласын.

Шөбере-немеренің баласы.Қарт адамдар үшін бұл ұрпақтың орны мүлде бөлек.Олар қазақ дәстүрі бойынща кішкентай шөберенің қолынан су ішкен адамға о дүниеде жеңілдік жасалады.

Аға,апа-бір әке-шешеден туған (немесе туыстың)жасы үлкен жігіт-аға,қыз-апа деп аталады.Екеуінің де жолы үлкен деп есептеледі.

Жеңге-ағаның әйелі.

Қайын іні,қайын сіңілі-жеңгелері үшін күеуінен кіші ұл “қайын іні”,қыз “қайын сіңлі” болады.

Келін-інінің,баланың әйелі “келін” деп аталады.

Қалындық-күйеуге атастырылған,бірақ өз үйінде отырған бойжеткенді осылай атайды,қазақ оны “Оң жақта отырған қыз” дейді.

Абысын-ағайынды жігіттердің әйелдері.

Бөле-апалы-сіңілілі қыздардың балалары бір-біріне “бөле” болады.

Бажа-апалы,сіңлі қыздардың күйеулері бір-біріне “бажа” болады.

Қайын ата-әйелге күйеудің әкесі,күйеуге әйелдің әкесі “қайын ата” болады.

Қайын ене -әйелге күйеудің шешесі,күйеуге әйелдің шешесі “қайын ене” болады.

 

 

ата-дедушка

әже-бабушка

бала-ребенок

ұл-мальчик

қыз-девочка

 

немере-внук

шөбере-провнук

аға,апа-брат,сестра

қалындық-невестка

қайын ата-свекровь

қайын ене- свекровька

 

1 жаттығу.