Берілген мәтінді оқып, түсінігіңізді айтыңыз. Күрделі сөздерді табыңыз.
2 - жаттығу.
Төмендегі сөздердің қайсысы дара, қайсысы күрделі сөздер екенін ажыратып жазыңдар.
Арқар, арқан, арқар мүйіз, аспан, аспаз, аспан көк, асқазан, асығып- аптығу, астан-кестен, дәреже, дәнекер, жақсы-атты (болу), жол сілтеуші, жомарт, жоңышқа, жолсерік, жылы ұшырау, жылы шырай, көркеөнерпаз, көркем фильм, қарақалпақтар, қарабүлдірген, қара күрең, қара торы.
3 - жаттығу.
Берілген күрделі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.
Үлгі: Балғожа немересі Ыбырайды оқу-өнерге баулыды.
Балғожа, Құнанбай, Ақтөбе, астан- кестен, ата- ана, он екі, отыз бес, Сары өзек, қара торы, бірқатар, бірлі-жарым, біраздан соң, бір сарынды, еңбекақы, шаңсорғыш,өнертапқыш, АлМУ.
4-жаттығу
Кіріккен сөздерді бөліп жазыңыз. (Мысалы: биыл- бұл жыл)
Бүгін, әкел, апар, ендігәрі, жаздыгүні, білезік, қарлығаш
5-жаттығу
“Кім тапқыр”ойыны Суреттерді қара. Түбірге қосымшалар ол қосымшаның қай түрі екенін ажырат.
6-жаттығу
Төмендегі сөздерді дұрыстап жазып, сөйлем құраңыздар
1.бүгүңгү______________________________________
2.жұмұшшы____________________________________
3.күндүзгү ______________________________________
7-жаттығу
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, көшіріп жазыңыз
1.........ауылға қонақтар келетін болыпты.
2.Марат .........білмегенсіді.
3.Ол......... отырды.
4.Мен ........әуре болыппын
5.Антон..........жақсы сөйлейді
Керекті сөздер: (жорта, төмен, бекерге, қазақша, ертең)